Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
«Би әлемі» көңілден шықты - АРҚА АЖАРЫ

«Би әлемі» көңілден шықты

Үкілі Ыбырай атындағы Ақмола облыстық филармониясының «Гәкку» би ансамблінің және Қызылорда облыстық филармониясының «Томирис» би ансамблінің «Би әлемі» атты бірлескен концерті болып өтті.

«Өнер алды – бірлік, ырыс алды – тірлік» демекші, өнер десе ішер асын жерге қояр қазақпыз. Өнердің ұлттық дәстүрді, салтты танытатын ең бір тиімді түрі – ол би өнері. Өнердің қай түрі болсын, адамның жүрегінен орын алатыны шүбәсіз. Әсіресе, хореография – бұл тұлғаның қарым-қабілеті мен эстетикалық қасиеттерін дамыту құралы ретінде қолданылатын зор ауқымды шығармашылық еңбек.

Концерттің алғашқы әсерлі тұсы «Гәкку» би ансамблінің ақындар жырға, әншілер әнге қосқан, қазақы бойында еш міні жоқ аруларымыздан құралған мың бұралған бишілер тобының өнерімен басталуы болды. Ахметбек Әлпекұлының «Жыл құсы» биін Гүлмира Ордабаева дайындап, сахнаға шығарды.

Қазақ биі ерте заманнан қалыптасып, халқымыздың аса бай ән-күйлерімен, ауыз әдебиеті үлгілерімен, дәстүрлі тұрмыс салтымен біте қайнасып келе жатқан ел мұрасы. Есіл жазығының оңтүстігі мен Көкше қыратының солтүстігін жағалай қоныс тепкен жасыл қаланың төрінен орын алған Үкілі Ыбырай атындағы Ақмола облыстық филармониясының «Гәкку» би ансамблі 2007 жылы құрылған. Бүгінде халыққа би өнерін насихаттауда бай тәжірибесі бар. Қызылорда облыстық филармониясы да осал емес. Небір шебер бишілерден тұрады. Өзара тәжірибе алмасу және шығармашылықты дамыту мақсатында қол қойылған меморандумының негізінде би ұжымдарының «Би әлемі» атты жобасы осы күні берік дәстүрге айналып отыр. Сыр елінде сұлу өнердің іргетасы 2001 жылдың қазан айында Сыр еліндегі би өнерінің бекзаты – «Томирис» би ансамблінің негізі 2001 жылдың қазан айында Қызылорда облыстық филармониясында қаланды. Алғашында небары 6 хореографтан құралған ансамбль өзінің жиырма жылдан астам өнер жолында кәсіби деңгейін арттыра жүріп, әр жылдары қатарын білікті би мамандарымен толықтырып отырды.

Әр бидің өз мәнері, өз мазмұны болады. Екі ұжым бірінен соң бірі сахнаға шығарған«Көкше сұлулары», «Аққу қаз»,«Гәкку саз», «Тәңірге табыну»,сонымен қатар, «Ана жүрегі», «Ұлы дала қырандары», «Арулар билері» осы біз айтқан мазмұн мен түрді барынша аша түсті. Осы ретте, «Томирис» ансамблінің биші-солисі Гүлбану Мырзабаеваның өнері ерекше атап өтуге тұрарлық. Міне, алда да екі облыста осындай керемет кештер көп болып, оны тамашалай келетін көрермендер қатары сиремесін дегім  келеді.

Қарлығаш ҚАРПЫҚБАЕВА.  

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар