2023 жылғы 20 сәуірдегі №224-VII Әлеуметтік кодексі ең төменгі күнкөріс деңгейін немесе айлық есептік көрсеткішті көбейтетін және жәрдемақы сомасын есептейтін коэффициенттердің ұлғаюына байланысты республикалық бюджеттен берілетін жәрдемақылар мөлшерін ұлғайтуды көздейтін жаңа жәрдемақы мөлшері 2023 жылғы 1 шілдеден бастап күшіне енеді. Ол:
- мүгедектерге берілетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы;
- асыраушысынан айырылу жағдайындағы мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы;
- мүгедек баланы тәрбиелеуге жәрдемақы;
- 1-топтағы мүгедектерге күтім жасайтын адамдарға жәрдемақы;
- арнаулы мемлекеттік жәрдемақылардың кейбір түрлері;
- мүгедектік/асыраушысынан айырылу бойынша жәрдемақы төлемдері;
- бұрын «Батыр-ана» атағын алған, I және II дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен марапатталған, «Алтын алқа» алқаларымен марапатталғандарға жәрдемақы.
Мысалдар,
- мүгедектік бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы (жалпы ауру):
(теңге)
2023 ж. 01.01. мөлшері | 2023 ж.01.07. мөлшері | |
1 топ | 77889 | 89248 |
2 топ | 62068 | 71398 |
3 топ | 42190 | 48681 |
- асыраушысынан айырылу жағдайындағы мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы:
(теңге)
2023 ж. 01.01. мөлшері | 2023 ж.01.07. мөлшері | |
Асырауындағы 1 балаға | 34888 | 37322 |
Асырауындағы 2 балаға | 60445 | 68964 |
Асырауындағы 3 балаға | 75049 | 91276 |
Асырауындағы 4 балаға | 79512 | 105475 |
Асырауындағы 5 балаға | 82352 | 111560 |
Асырауындағы 6 және одан көп балаға | 85597 | 121701 |
- мүгедек баланы тәрбиелеуге жәрдемақы:
(теңге)
2023 ж. 01.01. мөлшері | 2023 ж.01.07. мөлшері | |
мүгедек баланы тәрбиелеуге жәрдемақы | 56794 | 65313 |
- 1-топтағы мүгедектерге күтім жасайтын адамдарға жәрдемақы:
(теңге)
2023 ж. 01.01. мөлшері | 2023 ж.01.07. мөлшері | |
1-топтағы мүгедектерге күтім жасайтын адамдарға жәрдемақы | 56794 | 65313 |
- арнаулы мемлекеттік жәрдемақылардың кейбір түрлері:
(теңге)
2023 ж. 01.01. мөлшері | 2023 ж.01.07. мөлшері | |
саяси қуғын-сүргін құрбандары | 3692 | 4244 |
Қазақстан Республикасына арнаулы қызметтері үшін | 3692 | 4244 |
- бұрын «Батыр-ана» атағын алған, I және II дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен марапатталған, «Алтын алқа» алқаларымен марапатталғандарға жәрдемақы:
(теңге)
бұрын «Батыр-ана» атағын алған, I және II дәрежелі «Ана даңқы», «Алтын алқа» алқаларымен марапатталғандарға жәрдемақы | 22080 | 25530 |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 25 мамырдағы №400 «2023 жылғы 1 шілдеден бастап Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін әлеуметтік төлемдердің мөлшерін ұлғайту туралы» Қаулысына сәйкес, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан мүгедектік және асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша төленетін әлеуметтік төлемдердің мөлшері 2023 жылдың 1 шілдеден бастап 14,5 пайызға өседі.
Ақмола облысы бойынша бұл төлемдердің орташа сомасы 01.07.2023 жылға дейін 28339 теңге, 01.07.2023 жылдан бастап 32465 теңге, алушылар саны 6403.
Барлық сұрақтар бойынша әлеуметтік-еңбек саласындағы байланыс орталығына – 1414 «Азаматтарға арналған үкімет» қызметіне қоңырау шалуыңыз керек (тегін қоңырау).
«Азаматтарға арналған үкімет»
Мемлекеттік корпорациясы»
коммерциялық емес акционерлік қоғамының Ақмола облысы бойынша филиалы.