Депутаттардың көшпелі  кездесулері

Ақмола облыстық мәслихатының депутаты Ғалымхан Саханов әріптестерімен, аудандық мәслихаттың хатшысы Нұржан Рахымов және депутат Назгүл Жәкішевамен бірге Атбасар ауданы Мариновка ауылында азаматтарды көшпелі қабылдау және жергілікті қоғамдастық мүшелерімен кездесу өткізді.

«AMANAT» партиясының аудандық филиалы ұйымдастырған кездесуде ауыл тұрғындары өзекті мәселелерімен бөлісіп, өз тілектерін білдірді. Көтерілген тақырыптардың қатарында су құбыры желілерін қайта жаңарту, жерді мақсатты пайдалану, абаттандыру, жұмысқа орналастыру мәселелері бар.

Сапар барысында депутаттар Мариновка ауылындағы қазақ орта мектебінде болып, өзекті мәселелермен танысты.

Облыстық мәслихат депутаты Г.Сахановтың, аудандық мәслихат депутаттары Р.Досмұхановтың және Н.Жәкішеваның қатысуымен Атбасар ауданының «Қамқор Локомотив»  ЖШС-інде азаматтарды көшпелі қабылдау өтті. Онда кәсіпорын қызметкерлері таза ауыз сумен қамтамасыз ету, жолдарды жөндеу, абаттандыру, жұмысқа орналастыру саясаты өзекті мәселелерді көтерді.

Атбасарлықтардың барлық өтініштері бойынша түсініктемелер беріліп, мәселелерді шешуді депутаттар бақылауға алды.

Ақмола облыстық мәслихатының баспасөз қызметі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар