Ақмола облысында «Қазақстан балалары шексіз әлемде!» облыстық кино байқауының жүлдегерлері анықталды

Ақмола облысы білім басқармасының «Ақмола дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығы «Қазақстан балалары шексіз әлемде» қашықтық форматында облыстық балалар киносы  байқауын өткізді.

Іс-шара балалардың зияткерлік және шығармашылық қабілеттерін дамыту үшін жағдай жасауға, кино және теледидар саласында шығармашыл дарынды балалар мен жастарды іздеуге және қолдауға ықпал етеді.

Байқауға Бұланды, Ерейментау, Сандықтау, Аршалы, Астрахан, Ақкөл, Атбасар, Жақсы, Целиноград, Есіл аудандарынан, Көкшетау және Степногорск қалаларынан 42 бала қатысты.

Байқау қорытындысы бойынша  келесі жеңімпаздар анықталды:

«Үздік фильм» аталымы:

1 орын – Садауова Томирис, Астрахан ауданы;

2 орын – Төлеу Алан, Ақкөл ауданы.

«STOP-MOTION-видео» аталымы:

1 орын – Романенко Дарья, Жақсы ауданы;

2 орын – Шубенок Александр, Аршалы ауданы;

2 орын – Гридасова Арина, Степногорск қаласы;

3 орын – Фишер Валерия, Атбасар ауданы;

3 орын – Ким Камила, Көкшетау қаласы.

«Өткір әлеуметтік тақырыптағы бағыттағы бейнеөнім» аталымы:

1 орын – Обухова Арина, Жақсы ауданы;

3 орын – Добровольская Илона, Ерейментау ауданы.

«Музыкалық клип» аталымы:

1 орын – Қадіркей Бегайдар, Целиноград ауданы;

2 орын – Әміржан Нұрлы, Көкшетау қаласы;

3 орын – Қуанышев Ердәулет, Көкшетау қаласы.

«Киножурнал» аталымы:

1 орын – Сәркен Айғаным, Көкшетау қаласы;

2 орын – Гишлеркаев Бадруддин, Сандықтау ауданы;

3 орын – Нұрмұхамбет Едіге, Атбасар ауданы.

«Телевизиялық сюжет» аталымы:

1 орын – Зуйко Амалия, Сандықтау ауданы;

2 орын – Дырқан Елдар, Көкшетау қаласы.

«Ғылыми кино» аталымы:

1 орын – Жәкішев Арсен, Степногорск қаласы;

2 орын – Балтабай Олжас, Көкшетау қаласы;

3 орын – Пролубников Александр, Степногорск қаласы.

«Ойын киносы» аталымы:

2 орын – Косенко Александр, Есіл ауданы;

3 орын – Радецкая Дарья, Сандықтау ауданы;

3 орын – Әуелбеков Санжар, Степногорск қаласы.

Байқаудың облыстық кезеңінің жүлдегерлері Ақмола облысы білім басқармасының дипломдарымен, ал жетекшілері алғыс хаттармен марапатталады. Барлық қатысушыларға байқауға  қатысқаны туралы сертификаттар беріледі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар