Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Жылжымалы жәрмеңке Көкшетау қаласынан бастау алды - АРҚА АЖАРЫ

Жылжымалы жәрмеңке Көкшетау қаласынан бастау алды

«Тұлға бол» жылжымалы жәрмеңке және консультациялар автобусы Көкшетау қаласында бастау алды.

Бұл бос жұмыс орындар жәрмеңкесін ұйымдастыру және кеңес беру бағытында жүзеге асады. Бос жұмыс орындары жәрмеңкесін өткізу жас мамандар үшін ғана емес, жұмыс берушілер үшін де маңызды. Себебі жәрмеңке барысында жұмыс берушілер өздеріне қажетті мамандарды таңдауына, ал жұмыс іздеп келген азаматтар мамандықтары бойынша жұмысқа тұруына мүмкіндік алады. Жастар ресурстық орталықтар қызметінің негізгі мақсаты жастар мен жастар ұйымдарын қолдау және дамыту үшін қызметтер көрсету болып табылғандықтан, жастарды жұмыспен қамту, орталықтар үшін басты назарда тұр.

Қазақстан Республикасы мемлекеттік жастар саясатының 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру аясында жылжымалы жәрмеңкелер ұйымдастыру арқылы әрбір аудан және қалалық жерде орналасқан колледж, мектеп бітіруші түлектер, жастарға арналған бос жұмыс орындар жәрмеңкесін өткізу, мемлекеттік бағдарламалар жайында ақпаратты насихаттау, тиісті консультациялық көмекті көрсету мақсатында «TULGA BOL» атты жылжымалы жәрмеңке және консультациялар автобусы жүзеге асырылуда.

Бүгінгі күні, Ақмола облысы жастар-ресурстық орталығының ұйымдастыруымен Көкшетау қаласындағы «РИО» сауда орталығында бастау алған аталмыш жоба, алдағы уақытта облыс бойынша 14 аудан мен қалаларды аралауды жолға қойды.

– «РИО» сауда орталығында басталған шараға Отбасы  банкі, қалалықхалықты жұмыспен қамту орталығыжәне ұйымдастырушы тарапынан мамандар қатысты. Жастардың көпшілігі қала бойынша жаз мезгілінде қандай бос жұмыс орындары және қандай мемлекеттік бағдарламалар бар екені жөнінде сұрақтар қойды. Аталмыш шараны өткізуге жәрдемдескені үшін сауда орталығының басшылығына алғысымызды білдіреміз. Сонымен қатар, дәл осы жобаны іске асыру мақсатында алда Атбасар ауданына сапарға шыққалы жатырмыз, – деп NEET санатындағы жастармен жұмыс жасау және кеңес беру бөлімінің басшысы Мақпал Жанарысова өз сөзінде тоқталып кетті.

Жастардың еңбекке деген ұмтылысы қуантарлық жағдай. Өз елінің көркеюі үшін аянбай адал қызмет еткен жас ұрпақ– ертеңгі мемлекетіміздің гүлденуінесебепші болары сөзсіз.

 «Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар