Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Алаяқтық үшін Ақмола облысында полицей мен оның сыбайласы сотталды - АРҚА АЖАРЫ

Алаяқтық үшін Ақмола облысында полицей мен оның сыбайласы сотталды

– Ақмола облысында бұрынғы патрульдік полиция инспекторы мен оның сыбайласы алаяқтық үшін сотталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Сот анықтағандай, сотталушылар үш адамның сеніміне кіріп, жүргізуші куәлігіне емтихан тапсыру кезінде көмектесуге уәде еткен. Сол үшін ақша алған, кейін оларды мамандандырылған Халыққа қызмет көрсету орталығына жіберген. Алайда, үш адамның біреуі емтиханды өз күшімен тапсырса, қалған екеуі өте алмай қалған.

«Алаяқтықтың үш эпизоды бойынша жіберленушілерге 165 000, 250 000 және 350 000 теңге көлемінде зиян келтірілді. Сотталушылар үш адамға жасаған алаяқтық қылмысын мойындады. Олардың кінәсі жәбірленушілер мен куәгерлердің айғақтары, сот-видеофонография сараптамаларының қорытындысымен дәлелденді. Сонымен бірге «Kaspi Bank» шотынан ақша аударылғандығы туралы түбіртек көшірмелері, жәбірленушілермен жазған хат-хабарлары алынды», — деді соттың баспасөз қызметінен.

Жаза тағайындау кезінде сотталушылардың қылмыстық жауаптылығы мен жазасын жеңілдететін мән-жайлар – шын жүректен өкінуі, кінәні мойындауы, келтірілген залалдың орнын толтыруы ескерілді.

«Сот үкімімен бұрынғы полиция инспекторы Қылмыстық кодекстің 190-бабының 3-бөлігі 2 және 4-тармақтары бойынша кінәлі деп танылып, 3 жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесілді. Сонымен бірге ол өмір бойына мемлекеттік қызмет атқару құқығынан, полицияның аға лейтенанты атағынан айырылды.

Ал оның сыбайласы Қылмыстық кодекстің 190-бабының 5-бөлігі 2 және 1-тармақтары, 28-баптың 4-бөлігі бойынша 4 жылға бас 6остандығы шектеліп, пробациялық бақылау белгіленді», — деп толықтырды ведомстводан.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар