Шет елдік компания іскерлік байланыс орнатуға ынталы

Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаев «Phosphoris» француз компаниясының өкілдерімен кездесіп, өзара ынтымақтастық іскерлік байланыстардың жолдары мен мүмкіндіктерін талқылады.

Іс-шараға Қосшы қаласы қоғамдық кеңесінің төрайымы Сайра Матайбаева, мүдделі мемлекеттік органдардың басшылары қатысты.Іс-шара барысында кәсіпорын директоры Эрик Обспен кездесуге қатысушыларды компания қызметімен таныстырды.Оның айтуынша, компанияның қызметі екі негізгі блокқа бөлінеді – сәулет-жоспарлау және құрылыс-пайдалану. Оның ішінде климаттық инженерия және жаңартылатын энергия көздеріне мамандар да бар.

–Біз өз жобаларымызды қолда бар даму жоспарына бейімдеуге тырысамыз. Бізде «табиғаттағы қала немесе қала ішіндегі табиғат» тұжырымдамасы дамыған, – деп атап өтті бұл тұрғыда Э.Обспен.

Компания қызметінің негізгі бір саласы – туристік аймақтарды дамыту. Кәсіпорын «Француз ауылы» маусымдық курорт тұжырымдамасының иесі. Сондай-ақ, компанияденсаулық сақтау және білім беру саласындағы жобаларды іске асыру бойынша да үлкен тәжірибе  жинақтаған.

Іске асырған жобаларының қатарына Ресей Федерациясының Байкал тау шаңғысы курортындағы Француз ауылдары, Моңғол Халық Республикасындағы курорт,Қытай Халық Республикасындағы Моганшань курорттық экоауылы, Бельгияның Перонна қаласындағы экоауыл, тағы басқа құрылыстар бар. Қазір компания Париждегі олимпиадалық ауылдың құрылысына қатысуда.

Облыс әкімі өз кезегінде Ақмола облысының сұлу табиғаты мен әлеуметтік-экономикалық мол мүмкіндіктеріне тоқталып, өзара тиімді байланыстардың екі жаққа да жаңа көкжиектерге жол ашатынына сенім білдірді.

«Арқа ажарының» өз ақпараты. 

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар