Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Тарихымыз толымды, тапсырма орынды - АРҚА АЖАРЫ

Тарихымыз толымды, тапсырма орынды

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Түркістанда маусымның 17-18 күндері өткен Ұлттық құрылтайдың «Әділетті Қазақстан – адал азамат» атты екінші отырысында сөйлеген сөзін зейін қоя тыңдап, оқып шықтым.

Ұлттық құрылтайда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан тарихына тоқталып, жеті томдық ауқымды жинаққа қатысты тапсырма берді.

«Еңбекте осыған дейін жіберілген тұжырымдамалық қателіктер мен кемшіліктер қайталанбауы қажет. Оған соңғы кезде ашылған тарихи жаңалықтар түгел енгізілуі керек. Қарама-қайшы мәліметтер болмауға тиіс. Қазақстан аумағында өткен тарихи оқиғалардың әлемдік үдерістермен тығыз байланыста сипатталуы маңызды. Бір сөзбен айтсақ, жеті томдық еңбекте еліміздің шынайы шежіресі толығымен жазылуы қажет. Бұл – аса маңызды мәселе.

Бұл еңбек ұлттың тарихи сана-сезімін жаңғыртуға, мемлекеттілігімізді нығайтуға зор үлес қосары сөзсіз.

Біз сан ғасырлық тарихымызды мақтан етеміз. Тамыры терең төл шежіреміз – халқымыздың мәдени кодының өзегі. Оны жан-жақты зерттеп, ой елегінен өткізуге және барынша дәріптеуге қажетті жағдай жасауымыз керек. Бұл – мемлекеттің негізгі міндетінің бірі» деп атап көрсетті бұл орайда Мемлекет басшысы.

Ұлы Даланың тарихын ежелгі дәуірден бастап қазірге дейін зерттеуді одан әрі жалғастыруға ерекше назар аудару қажеттілігі туралы Президент осыдан екі жыл бұрын «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты бағдарламалық мақаласында арнайы тоқталған болатын.

Қазіргі таңда Отан тарихының өзекті мәселелері мен тарихи оқиғаларын тұжырымдамалық шынайы тарихи тұрғыдан қайта қарастыру стратегиялық маңызды мәселе болып табылады. Сондықтан, біз, тарихшылар Президентіміздің осы сөзін қолдап, еліміздің шынайы тарихы көп томдық жинақта лайықты қолға алынуына бар тілектестігіміз бен ортақ мүдделігімізді білдіреміз.

Марат ӨТЕГЕНОВ,
Қазақстан халқы  ассамблеясы
ғылыми-сараптамалық тобының төрағасы, тарихшы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар