Құрметті ақмолалықтар!
Құрбан айт мерекесімен шын жүректен құттықтауымызды қабыл алыңыз.
Бұл мереке ең бейбіт діндердің бірі – исламда қалыптасқан шынайы жасампаздық пен рухани жаңарудың негіздерін қамтыды.
Бұл өмірдің маңызды басымдықтары – бірлік пен мейірімділікті, достық пен өзара көмекті растайтын ең маңызды мұсылман мерекелерінің бірі.
Дәстүр бойынша, бұл мереке жақсылық пен мейірімділікті, жанашырлық пен жақындарға деген қамқорлықты білдіреді. Құрбан айттың берекелі мерекесі өркендеуді әкеледі және бірлікті нығайтады, жанашырлық пен мейірімділікті ұлғайтады, әртүрлі этностар мен діндер өкілдері арасындағы тығыз қарым-қатынас пен өзара түсіністікті нығайтуға ықпал етеді.
Мереке әр үйге, әр отбасына жылылық, қуаныш, келісім мен амандық әкелсін. Барлық жақсы үміттер мен тілектер орындалсын, ал, жүректеріңіз бейбітшілік пен келісімге толы болсын!
***
Қымбатты Ақмола облысының тұрғындары!
Сіздерді бүкіл мұсылман қауымының басты мерекесі – Құрбан айтпен шын жүректен құттықтаймын!
Бұл жарқын мереке мейірімділік, мейірбандық танытып, әділ болуға, бір-бірімізді құрметтеуге шақырады. Осы жалпыадамзаттық құндылықтар елімізде бейбітшілік пен келісімде өмір сүріп жатқан барлық діни конфессиялардың өкілдеріне жақын және түсінікті.
Қасиетті Құрбан айт барлығымызға қуаныш пен тыныштықсыйласын, рухани тазалықты сақтауға көмектесіп, күш-қуат қосып, жақсы бастамаларыңызға сәттілік әкелсін! Осы үш күнде жетімдерге, қарттарға, мүгедектерге және барлық мұқтаж жандарға көрсетілген көмек жүректерді жақсылық пен ризашылыққа толтыратын жоғары сезімдерді оятсын.
Ақмола облысының депутаттық корпусының атынан сіздерге зор денсаулық, әр үйде татулық пен бақыт, береке-бірлікпен өркендеу, қоғамда бейбітшілік пен тұрақтылық тілеймін!
Бейбіт ЖҮСІПОВ,
Ақмола облыстық мәслихатының төрағасы.