Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаевтың құттықтауы

Құрметті бұқаралық ақпарат құралдарының қызметкерлері!

Сіздерді шын жүректен кәсіби мерекелеріңізбен құттықтауымды қабыл алыңыздар.

Журналист мамандығы – осы заманда маңызды да қажетті мамандықтардың бірі. Жоғары технологиялардың арқасында бүгінгі таңда кез-келген ақпарат санаулы секундтарда тарайды. Сондықтан, аймақта  болып жатқан жаңалықтар мен оқиғалардың толықтығы, шынайылығы, мен дәлдігі Сіздердің кәсіби шеберліктеріңіз бен ұшқырлықтарыңызға байланысты болып келеді.

Қай кезде болсын, бұқаралық ақпарат  құралдары қоғамның маңызды институты болды және солай қала береді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев журналистік салада еңбек ету үлкен құрмет және жоғары жауапкершілік екендігін, отандық бұқаралық ақпарат құралдары біздің халқымыздың бірлігі мен тұтастығын нығайтуда маңызды рөл атқаратындығын баса атап көрсеткені белгілі.

Біздің облыста халыққа өзекті бір ақпаратты жеткізу, сарапшылардың пікірлерімен таныстыру, қызғылықты талдамалы материалдарға қанықтыру үшін күні-түні жұмыс істейтін талантты журналистер аз емес. Әсіресе, ақмолалық журналистикада жоғары кәсіби шеберліктің, әдеп пен әдеби дәстүрлердің, мамандыққа шексіз берілудің негізін қалаған сала ардагерлеріне зор ризашылық сезімімді білдіемін.

Құрметті БАҚ қызметкерлері!

Бүгінгідей мереке күні Сіздердің баршаңызға шабыт, жаңа шығармашылық ізденістер мен жобалар, қызғылықты кейіпкерлер мен жарқын оқиғалар тілеймін. Алдағы уақытта да кәсіби қызметтеріңізде адалдық, принципшілдік және  жоғары азаматтық жауапкершілік Сіздердің серіктеріңіз болып қалатынына сенімдімін. Сіздерге және сіздердің отбасыларыңызға амандық-саулық пен жақсылық тілеймін!

***

Құрметті журналистер, бұқаралық ақпарат құралдарының қызметкерлері!

Ақмола облысының депутаттық корпусының атынан Сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймын!

Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің күні – бұл газеттер, теледидарлар мен радио өкілдерінің ғана мерекесі емес, халықтың да мерекесі. Жоғары технологиялар дәуірінде бұл салада көптеген жаңа жұмыс форматтары пайда болды, бүгінде электронды сайттар мен ақпараттық агенттіктер, әлеуметтік желілердегі пабликтер мен YouTube арнасы алдыңғы қатарға шығып отыр.

Ақпарат саласы қоғамдық пікірді қалыптастыруда маңызды рөл атқаратыны сөзсіз. Қызмет бабы бойынша сіздер әрқашан қайнаған оқиғалар мен жаңалықтардың ортасында боласыздар, оқырмандар мен көрермендерге біздің елде де, әлемде де болып жатқан маңызды оқиғаларды жеткізесіздер. Кәсіби мерекелеріңіз күні сіздерге жемісті ынтымақтастығыңыз, депутаттық корпустың қызметін объективті жариялағаныңыз және өкілді билік органдарының дамуына қосқан үлестеріңіз үшін алғыс айтамыз.  Ақмола облысының барлық журналистері мен БАҚ қызметкерлеріне зор денсаулық, отбасыларына амандық, шығармашылық табыс және кәсіби салада жаңа жетістіктер тілеймін!

Бейбіт ЖҮСІПОВ,
Ақмола облыстық мәслихатының төрағасы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар