Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Бестөбе: жаңа инвестормен келіссөзден нәтиже күтілуде - АРҚА АЖАРЫ

Бестөбе: жаңа инвестормен келіссөзден нәтиже күтілуде

Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаев Бестөбе кентіне жұмыс сапары барысында Степногорск қаласындағы бірнеше әлеуметтік-экономикалық нысандардың құрылысымен танысты және бестөбеліктермен кездесу өткізіп, қалыптасқан жағдайды пысықтады.

 Степногорск қаласы әкімінің орынбасары Қабдолла Орынбасаровтың айтуынша,  жақын арада қалада дене шынықтыру-сауықтыру кешені салынады. Мердігер компания«Таир»серіктестігі белгіленген қаражаттың  алғашқы сомасын, яғни, 100 миллион теңгені алып, маусым айының басында құрылысшылар жұмысқа кірісіп кеткен. Айта кетейік, аталмыш мердігер компанияның жетекшілігімен Павлодар, Ақтөбе және Астана қаласында ғимараттар бой көтерген. Сметаның жалпы құны  1,3 миллиард теңгені құрайды.

– Бұл үлкен жоба, біз халыққа оны қысқа мерзімде аяқтауға уәде бердік. Қазір кентте балалар жаппай спортпен шұғылдана алатын орын жоқ. Аталмыш нысан осы олқылықтың орнын толтырады деп есептеймін, – деп атап өтті Ермек Боранбайұлы.

Сондай-ақ, өңір басшысы қала орталығындағы блокты-модульді қазандықтың құрылысы бойынша жұмыстардың барысын тексерді. Орталық жылытумен 16 көппәтерлі үйді қамту жоспарланған.

–  Қатты отынмен жұмыс істейтін үш қазандық орнатылды, жалпы жылу қуаты-2,65 МВт. Қазандық 80 пайыз дайын. Инженерлік желілерді жақын арада қалыпқа келтіретін боламыз. Жылу әр үйге жеке-жеке қосылатын болады, –  деп түсіндірді Қабдолла Нұриттенұлы.

Алдын ала болжам  бойынша, бестөбеліктер жылу үшін бір шаршы метрге шамамен 140 теңге төлейді, яғни, жылыту маусымында әр пәтер айына шамамен 5-7 мың теңге төлейтін болады. Сондай-ақ, №2 жалпы білім беретін мектеп пен «Асыл» балабақшасы орталық жылумен қамтамасыз етілмекші.

Ермек Маржықпаев барлық жұмыстарды қыркүйек айының басында аяқтауды тапсырып, сала басшыларына нақтылы  міндеттер жүктеді. Ал, көпқабатты үйлердің тұрғындарына осы аралықта өз пәтерлерінсақадай-сай етіп дайындауды тапсырды.

***

Сапар барысында Степногорск қаласының әкімі Алпысбай Қайыржанов қала тұрғындарымен есептік кездесу өткізіп,  Бестөбе кентінің дамуы туралы тарқатып айтып берді.

– Бүгінгі таңда тоғыз жоба іске асырылуда, оның ішінде 300 орындық мектеп, стадион, дене шынықтыру-сауықтыру кешені және қазандық бар. Ағымдағы жылы кентті абаттандыруға 4 миллиард теңгеден астам қаржы бөлінді. Екі жыл ішінде жол құрылысына 350 миллион теңге бөлініп отыр. Оның ішінде қандай көшелер жөнделетіндігін Қоғамдық кеңес шешетін болады, – дейді қала әкімі.

Тұрғындар жайылымдық жерлердің тапшылығы, көшелерді жарықтандыру, тұрмыстық қатты қалдықтарды сақтау, көмірдің құнын арттыру мәселелерін көтерді.

–  Облыста 600-ден астам елді мекен бар. Ондаған жылдар бойы жасалмаған жұмысты біз бір жылда жасай алмаймыз. Мемлекеттік сатып алудың өз заңы мен ережелері бар. Жүргізіліп жатқан жұмыстарды бақылау тұрғысынан біз халық пен депутаттардың көмегіне сенім артып отырмыз. Көшелерді жарықтандыруға және қатты тұрмыстық қалдықтар полигонын қоршауға ақша бөлейік, қажетті сметаны дайындау керек. Жайылымдарды қайтаруды өз бақылауыма аламын, – деп атап өтті Ермек Боранбайұлы.

Шахталардың жұмысын қалпына келтіру мәселесі қызу пікірталас тудырды. Кеншілердің талаптары өзгерген жоқ. Зауытты ауылдан қауіпсіз қашықтыққа ауыстыру керек. Кент тұрғындары елді мекеннің санитарлық жағдайы мен экологиялық қауіпсіздігіне алаңдайды.

– Нақты әрекеттерге көшу керек. Әңгіме тек шиеленіске әкеледі. Біз шахталарды 90-шы жылдары сақтап қалдық және өндірісті жоғалтқымыз келмейді, – деп атап өтті қоғам белсендісі Николай Качиев. – Бұл біздің кішкентай Отанымыз, біз осында тұрамыз, сондықтан біз, жартылай орындалған шараларға қанағаттанбаймыз. Егер салынатын болса, онда құрылысын ұзақ уақытқа жететіндей етіп салған жөн. Жабдықтың толық қауіпсіздігіне ешкім кепілдік бермейді, тіпті, оны толық жаңартқан кезде де. Зауытты Бестөбеден алыстату әлдеқайда қымбат болған күннің өзінде, бәрінен бұрын қауіпсіздік мәселесі біржола шешіледі емес пе?! – дейді қоғам белсендісі.

Кездесуді қорытындылаған облыс әкімі Ермек Маржықпаев өндірісті іске қосып, барлық қызметкерлерге жұмыс пен жалақы бере алатын тұрақты компания қажет екендігін айтты.

– Сондай-ақ, таяуда жаңа инвестормен келіссөздер аяқталады. Шарттар екі тарап үшін де қолайлы болады деп үміттенеміз. Сонымен қатар, келісім-шарттың орындалуын тексеруді бастап, санитарлық аймақтың алаңы өлшенеді. Бүгінгі таңда ең бастысы – шахталардан суды соруды бастау керек. Сонда жұмысқа 350 адамға дейін шыға алады, – деді өңір басшы.

Ұлмекен ШАМЕНОВА,
Наталья ЯКОВЛЕВА.

 Степногорск қаласы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар