Көшпелі мәжіліс

Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаев Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Қаржы және бюджет комитеті мүшелерінің Бюджет кодексіне енгізген өзгерістері бойынша отырыс өткізді.

Ол ең алдымен көшпелі отырысқа қатысушыларды өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму мәселелерімен таныстырып, қаржыны қамтамасыз ету саласындағы өз шешімін күтіп отырған проблемаларды атады.

–Өңірдің экономикалық көрсеткіштері дамуының оң динамикасына тоқталсақ, өнеркәсіп 116 пайызды, инвестициялар 117,8 пайызды, құрылыс 104 пайызды, тұрғын үйлерді пайдалануға беру жақсы қарқынмен жүргізіліп жатыр, жылына 650 мың шаршы метр тұрғын үй салынып, республикада бұл көрсеткіш бойынша көш басындамыз. Биыл 5,5 мың ақмолалық баспаналы болмақшы, – деді Ермек Маржықпаев. Сонымен бірге, өңір басшысы биыл облыс бюджеті шамамен 635 миллиард теңгені құрайтынын атап өтті.

–Біз бюджет мәселелеріне ерекше назар аударып, оны тұрақты әрі жүйелі түрде толықтырылуын қадағалап отырамыз. Өңірлерге жаңа түсімдерді бөлу облыстық бюджетті едәуір толықтырады, соңғы үш жылда түсім шамамен 41 миллион теңгені құрады, аудандар үшін бұл үлкен қаражат және біз үшін өте үлкен қолдау. Облыс бюджетінің шығыс көлемінің 50 пайыздан астамы әлеуметтік блокқа бағытталады.

Жиын барысында облыс әкімі «Жайлы мектептер» ұлттық жобасы аясында өңірде жоспарлы жұмыстар жүргізіліп жатқанын хабарлады. Өңірде 20-ға жуық мектеп салынбақшы,  биыл оның 10-ы іске қосылса, қалғаны алдағы жылдары оқушыларға есігін айқара ашады. Бұл білім беру саласы үшін үлкен қолдау болмақ.Сондай-ақ, ол депутаттарға жер мәселелерін шешудегі жауапты ұстанымдары үшін алғысын білдіріп, денсаулық сақтау саласы бойынша іске асырылып жатқан ұлттық жоба туралы айтты.

– Әр теңгенің артында жолдар, су құбырлары, электр желілері тұр,мұның барлығы біздің халқымыздың өмір сүру сапасын арттыру үшін жасалуда, – деді өңір басшысы. – Өткен жылы біз 900 шақырымға жуық жол салдық, биыл 75 миллиард теңге бөлініп, оған да 1000 шақырымнан астам жол салынып, жөндеуден өтеді.  42 миллиард теңге біздің облыстық бюджеттен бөлініп отыр. 177 елді мекен су құбырын өткізуді күтуде, Жол картасы бойынша бұл мәселе 2025 жылдың соңына дейін толық жабылады деп жоспарлап отырмыз.

Мәжілісмендер жиын барысында ағымдағы мәселелер бойынша пікір алмасып, кейбір өзекті жағдайларды талқылады.Отырыстан кейін олар облыс орталығының бірқатар кәсіпорындары – РК-2 қазандығында, «Сарыарқа» шағын ауданындағы «Viamedis», «Eurasia Group Kazakhstan» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерінде болып, ондағы істің жайымен танысты.

Ырысалды ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ,
Вероника БУРДА.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар