Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
«Jańa bastau» газетінің бір жылғы қадамы - АРҚА АЖАРЫ

«Jańa bastau» газетінің бір жылғы қадамы

Жан көзін мөлдіретіп, кенет жүрегіңе жасыл қанат жаратып, аңсарыңның аспанында шексіздікке еркін самғататын қиял-ғажайып ертегілерде кездесетін «сиқырлы айна» туралы бәріңіз білесіздер ғой? Арманымызды аппақ нұрға бөлеген сол ертегілер мазмұнында белгілі бір кейіпкер «сиқырлы айна» арқылы айшылық жердегі адамның іс-әрекетін көріп, естіп, сол мезетте хабарын алып отырушы еді ғой. Бүгінде әуелгі қиялымыз шындыққа айналды.

Қазір әрбіреуіміздің қолымызда «сиқырлы айна» – смартфон бар. Әрбіреуіміз ертегі­-өмірдің мың қатпарлы құпияға толы болмысы бар бір-бір кейіпкеріне айналдық. Кім қандай кейіпкер? Көбіміз әлгі «сиқырлы айнасы» арқылы өзінен өз уақытын ұрлаған, өзіне-өзі қиянаты көп кейіпкерге айналдық. Мойындайықшы, күйбең тірліктегі әр алтын күніміздің үштен бір бөлігі сол «сиқырлы айнаға» қараумен өтеді. Әлеуметтік желіде әлеулеп, өзімізді-өзіміз тамашалаймыз. Біреуді мақтаймыз, даттаймыз, ұлықтаймыз… Одан қалса, біреудің өсек-аяңын оқимыз, оны біреуге мың құбылтып, көркемдеп жеткіземіз. WhatsApp, Instagram, TikTok… Сыртқа ақылды, данышпан, сыпайы, сұңғыламыз.

Виртуалды әлем мен шын әлемнің шекарасы барған сайын бұлдырап барады. Шын өмір барын ұмытып кеткендейміз. Сәт сайын мың құбылған ақпарат боранының астында адасамыз. Жанымыз қалжырайды, миымыз шаршайды. Тіпті, жатар алдында сол «сиқырлы» айнаға бір қарап, «мінәжат» етпей ұйықтай алмаймыз. Рас қой? Әрине, жаңа заманның жетістіктерін тізбелей отырып, өзімізді ақтап алуымызға болады. Бірақ өмір… Өмір өтіп барады ғой… Шынайы офлайн өмірді қайтеміз?

ХХІ ғасырдың бір жетістігі интернет дейміз. Интернет әлемді өзгертті. Алдағы ширек ғасырда адамзатты бұдан да артық өзгеріске ұшыратары сөзсіз. Өрмекшінің торындай адамзат миын торлаған ғаламтордың арқасында БАҚ-тың электронды нұсқалары, интернет ресурстар пайда болды. Енді интернет дәстүрлі басылымдардың, яғни, қағаз кітаптар мен газет-журналдардың орнын алмастырады деген пікір қалыптасты. Шындығында, ғұмырымызға ғаламтор дендеген сайын БАҚ-тың қағаз нұсқасы азаю мүмкіндігін де жоққа шығаруға болмайды. Заманауи оқырманның, әсіресе, ХХІ ғасырдың ұрпағы – «центениалдар», «z ұрпағы» немесе «homelanders» деп аталатын қазіргі жастардың интернетке әбден байланып қалғанын мойындау керек.

Алайда, қандай да бір газеттің ауыз толтырып, айтары болса, айналасына танымал болса, адал, тұрақты, көзіқарақты оқырманы болса, ол газеттің ғұмыры да ұзақ болады. Күні бойы гаджеттерден шаршаған адам бір уақ сауатты жазылған, ой елегінен өткен, тасқа басылған сенімді сараптамалық деңгейдегі газет оқығысы келетініне күмәнім жоқ. Жалпы, газет оқу, кітап оқу мәдениеті деген бар ғой. Ал, оқу мәдениеті сатылап қалыптасады.

Сондықтан, қағаз газеттің мүлде жойылып кетеріне көзіңіз жетпейді. Тасқа басылған жазуда киелі аура, қашпас қадір-қасиет бар. Тағы да бір ескеретін жайт, түрлі сайттарда жарияланатын ақпаратқа ешкім жауап бермейді. Ол ақиқат па, жоқ, жалған ба, дәл газеттегідей тықақтап, талдап тексеріп жатқан ешкім жоқ. Қаптаған интернет ресурстардағы ақпараттың ақ-қарасын ажырату қиынға түсетінін айтпай-ақ білеміз. Қош.

Өздеріңізге мәлім, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ақмола облысының әкімшілік-аумақтық құрылымындағы өзгерістер туралы жаңа Жарлығына сәйкес Ақмола облысы Целиноград ауданының Қосшы ауылы Қосшы қаласы болып, облыстық маңызы бар қала санатына жатқызылды. Бұл шынымен еліміздегі үлкен тарихи оқиға болды. Иә, ауылдан қала жасау оңай шаруа емес. Бергі жағын айтқанда, жаңа әкімшілік-аумақтық бірлік құру, оны бір жүйеге келтіру, ауылдық округтің үлкен қала ретінде қалыптастыру аяқастынан бір күнде пайда болмайды. Оған айлар, жылдар, ащы тер, адал еңбек қажет. Қалай десек те, қала құрылған күннен бастап ауқымды жұмыстар атқарылып, қала деңгейінде дамудың жолына түсуде.

Еліміздің бас қаласы – Астана шаһарының жанындағы серіктес, моноқала болғандықтан, оның өзінің газеті, интернет ресурсы болуы заңды. Сондықтан, БАҚ-тың маңыздылығын басты назарда ұстаған Қосшы қаласының әкімі Гайдар Қасеновтың идеясымен 2022 жылдың басынан бастап, Қосшы қаласының әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық саяси «Jańa bastau» газеті мен janabastau.kz интернет ресурсы дүниеге келді. Осы ретте, қала әкімінің өңірлік деңгейде мемлекеттік ақпараттық саясатты қалыптастыру бағытындағы нәтижелі жұмысын тілге тиек етіп кету орынды деп есептеймін.

Жаңа қалада жаңа газеттің дүниеге келуінің өзі тарихи оқиға. Ендеше, газеттің неге «Jańa bastau» аталғанына аз-кем тоқтала кетейік. Біріншіден, «Бастау» – ­ өзен бастауы өзеннің бастау алатын орны, бұлақ (көз, бастау, қайнар). Қазақ: «Бұлақ көрсең ­– көзін аш», – дейді. Жаңадан табылған бұлақты «жаңа бастау» деп те атайды. Ақпараттың өзі ағып жатқан өзен сияқты. Өзеннің бастауы қашанда тұнық, таза болады. Біздің газеттегі ақпараттар мен сараптамалар таза, тұнық болсын, онымен талғамы жоғары, танымы биік көзіқарақты оқырмандарымыз сусындасын дедік. Екіншіден, Қосшы қаласы дербес қала ретінде жұмысын жаңа бастап жатыр. Жаңа қала газетінің де атауы «Jańa bastau» болуы да ақылға қонымды деп шештік.

Газетке бір  жыл ішінде бірнеше редактор басшылық жасады. Себебі, газетті жоғарғы деңгейде шығару үшін ең кәсіби мамандарды тарттық. Газеттің алғашқы бас редакторы –  ­Гүлжанат Жұбаниязова. Гүлжанат Азаматқызы –елімізге белгілі медиа-менеджер. Көптеген ірі жобаларға жетекшілік еткен кәсіби маман. Одан кейінгі бас редактор – Файзулла Төлтай. Файзулла белгілі ақын, Қазақстан Республикасының Үкіметі тағайындаған «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты, «Қос есікті түстер» кітабының авторы.

Өзбек ұлтының диссидент ақыны Мұхаммед Салихтың «Вал-Фажр» атты жыр жинағын тұңғыш рет қазақ тіліне тәржімалаған талантты қаламгер. Файзулла газетке басшылық жасаған уақытта газетіміз жаңа форматта көлемі үлкейіп жарық көрді. Көптеген сараптамалық мақалалар жарияланды. Файзулла білімін жетілдіру мақсатында Түркия Республикасы Денизли қаласына қоныс аударуына байланысты одан кейінгі бас редакторлық қызметті белгілі жазушы Бақытбек Қадыр жалғастырды.

Бақытбек Л.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің журналистика және саясаттану факультетін тәмамдаған. Халықаралық «Түркістан» газетінде, ҚР агроөнеркәсіп ұлттық палатасының баспасөз хатшысы қызметін атқарған, «Жасыл шатырлар» атты жеке кітабы жарық көрген, республикалық, халықаралық әдеби конкурстардың лауреаты атанған кәнігі жазушы, кәсіби маман. «Jańa bastau» газетіне Бақытбек Қадыр басшылық жасаған уақытта газеттің мазмұны жаңа деңгейге көтерілді. Газетке сараптамалық мақалалармен қоса, ауқымды сұхбаттар жарияланды. Қосшы қаласындағы кәсіпкерлерді ақпараттық қолдау мақсатында газет бетінде «Жылдың үздік кәсіпкері» байқауы ұйымдастырылып, кәсіпкерлермен қызықты сұхбаттар ұйымдастырды.

Ал қазіргі уақытта газетіміздің бас редакторы болып танымал журналист Дәулетқали Асауов тағайындалды. Жаңа редактордың біліктілігі мен тәжірибесі басылымның сапасын одан әрі көтеріп, таралымын арттыра түседі деген сеніміміз мол.

Бауыржан Қарағызұлы,
ақын, «Jańa bastau» газетінің құрылтайшысы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар