Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Біржан сал елінде  экотуризм қарқынды дамуда - АРҚА АЖАРЫ

Біржан сал елінде  экотуризм қарқынды дамуда

Көздің жауын алатын көркем табиғатымен талайды тамсандырған Ақмола өңірі дем алушыларға қолайлы аймақ. Бірі сұлулығымен тәнті етсе, енді бірі тағылымды тарихымен ұмсындырады. Осындай киелі өлкенің бірі – Біржан сал ауданы. Ән өнерінің дарабозы атанған Біржан сал бабамыздың бұл киелі мекеннің топырағында ізі қалған, ауасына әні сіңген. Табиғаты да, тарихы да бай өлкеге соңғы жылдары туристердің де қызығушылығы арта түскен.  

            

Ақмола облыстық ішкі саясат басқармасының ұйымдастыруымен өткен баспасөз туры барысында біз осы ауданда орналасқан бірнеше демалыс орындарына барып, танысып қайттық. Біз аралап көрген бес демалыс орнының қай-қайсысы болмасын, қазіргі заманға сай заманауи жабдықталып, дем алушыларға қажетті барлық жағдайлар жасаған. Біздің топ алдымен «Berkutty» жазғы лагерь және отбасылық демалыс базасына ат басын бұрды. Мұндағы тіл үйрететін лагерьде оқушы балалар ойын арқылы ағылшын тілін үйреніп, дүниетанымын кеңейте алады.  Бір атап өтерлігі, мұндай тіл үйрететін лагерь біздің өлкеде бұрын-соңды болмаған.

Лингвистикалық лагерьдің директоры Ботагөз Бекенованың айтуынша, демалыс орны ағымдағы жылдың 1 маусымында іске қосылған.  Әр маусым 10 күнге жоспарланған. Жетпіс орындық лагерьде қазіргі таңда  елу бала демалып жатыр. Ауданда орналасқан лагерьге еліміздің Атырау, Ақтау, Петропавл қалаларымен қатар, тіпті Кипрден келіп, дем алып жатқан балалар бар. Мұнда 6 жастан 15 жасқа дейінгі балалар тәлім алады. Балалардың өздерімен тілдесе қалсаңыз, олар бірауыздан лагерьдегі демалыстары туралы жақсы пікір айтып, алған әсерлерін қуана жеткізуде. Солардың арасында Меруерт Дүйсенбай бар. Бір ғанибеті, Меруерт маусым ашылғалы  бұл лагерьге бір емес, екінші рет келіп отыр. Яғни, лагерь қатты ұнаған.

– Мен Қосшы қаласында тұрамын. Бірінші ауысымда осы лагерьде демалған болатынмын. Өзіме көптеген жаңа дос таптым. Тәлімгерлерге қатты бауыр бастым. Бір отбасының балаларындай боп кеттік. Мен өзімді көпбалалы үйдің баласындай сезіндім. Лагерь қалың қарағайдың ортасында, тамылжыған табиғаты бар өлкеде орналасқан, саф ауасын сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес. Ең бастысы тіл үйренеміз, мектептегі білімімізді ұштаймыз. Сол себепті, ата-анам менің лагерьге тағы бір маусымға барамын деген ойымды құптады. Бізге ағылшын тілін Назарбаев университетінің қызметкерлері оқытады, – дейді Меруерт.

Шынымен де солай. Балаларға ағылшын тілін Дистер мырза үйретеді екен. Ол Батыс Африканың Гана қаласынан келген. Бірталай жыл Америка Құрама Штатында тұрыпты. Қазіргі таңда Назарбаев университетінде қызмет атқарады. Жазғы демалыс кезінде аталмыш лагерьде балаларға тіл үйретіп жүр. Тағы бір жағымды жаңалық лагерь басшылығы алдағы уақытта мемлекеттік тілді тереңдетіп оқытатын арнайы бағдарлама әзірлеп жатқандықтарын айтып өтті. Яғни, тіл үйрететін лагерьде қазақ тіліне де басымдық берілетін болады. Жазғы лагерьден бөлек, бұл демалыс орны жыл он екі ай үздіксіз жұмыс істейтіндігін атап өтсек дейміз. Яғни, бұл жерге отбасымен демалуға болады.

Жасырары жоқ, соңғы уақытта адамдар бос уақытын тау бөктерінде, табиғат аясында, таза ауада отбасымен өткізгенді жөн санайды. Әсіресе, қалалықтар. Ырду-дырду, азан-қазаны көп қаланың күйбең тірлігінен шаршап-шалдыққанда осындай саялы жерді аңсайтыны бар. Жөкей көлінің жағасында орналасқан «Нұрай» демалыс базасында қысы-жазы демалуға барлық қолайлы жағдайлар қарастырылған. Яғни, қыста демаламын десеңіз, 5 барнхаус және жазғы уақытта демалуға салынған 5 тенхаус бар. Мұнда он адам жұмыспен қамтылған. Қазіргі таңда ресторанның құрылысы қарқынды жүріп жатыр. Алдағы уақытта агротуризмді дамыту қолға алынған. Демек, қалалықтардың ауыл тіршілігіне бір табан жақын болуына жағдай жасалады деген сөз. Осы Жөкей көлінің жағасында орналасқан тағы бір демалыс орнының бірі – «Жұлдызды орман» деп аталады. Бұл жерде 10 тенхаус, бассейн, жазғы дәмхана, барбекю аймағы, от жағу алаңқайы бар. Қазіргі таңда 3 қысқы тенхаустың құрылысы жүріп жатыр. Жоба авторы Айнұр Қуанышқызының айтуынша,  туризм саласын дамытуда глэмпингтер желісін құру маңызды бағыттардың бірі. Глэмпинг дегеніміз, тұрмысқа қажетті заттармен жабдықталған, табиғат аясындағы жайлы демалыс орны. Біржан сал ауданында экотуризм қарқынды дамуда. Дем алушылардың сұранысына ие орынның бірі «Орбита – Жөкей» глэмпингі. Бұл жерде 7 геодезиялық купол бар. Әр куполдың өз атауы бар. Яғни, Ай, Сатурн, Меркурий, Венера, Жер, Юпитер болып бөлек-бөлек орналасқан. Әрқайсысында кондиционер, тоңазытқыш, қысқа толқынды пеш, тағы басқа да тұрмысқа қажетті заттардың барлығы бар. Демалыс орнының аумағында бассейн, балалар ойын алаңы, гамактар, түрлі әткеншектер, спорттық ойындарға арналған алаңқайлар бар және тағы басқа қажетті жағдайлар жасалған.

Осы демалыс орыннан таяу жерде орналасқан «Ақжол» қонақ үйі де туристерге қолайлы жағдайларды қарастырып отыр. Бұл жерде дәмхана, сауна,  бассейн бар. Әкімшісі Надежда Дмитриевнаның айтуынша, жыл сайын туристердің саны арта түсуде.

Тағы бір ерекше атап өтер демалыс орнының бірі Құдықағаш ауылында орналасқан этноауыл. «Нуралин ЖК» серіктестігінің ұйымдастыруымен бой көтерген демалыс орны таяу күндері ашылады деп жоспарланып отыр. 40 адамға шақталған демалыс орнының аумағында 3 киіз үй, ресторан, монша, балаларға арналған ойын алаңы, бассейн  бар. Міне, осы айтылып жатқандардың өзінен-ақ, соңғы жылдары Біржан сал ауданында табиғаттың мол мүмкіншілігі тиімді пайдаланыла отырып, туристер мен дем алушыларға қолайлы жағдайлар жасалып жатқандығын аңғаруға болады. Ендеше, іске сәт!

                                                            Ұлмекен ТЫНЫШТЫҚҚЫЗЫ,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.

Біржан сал ауданы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар