Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
«Саламатты Қазақстан» медициналық пойызы – Ақмола облысында - АРҚА АЖАРЫ

«Саламатты Қазақстан» медициналық пойызы – Ақмола облысында

Ағымдағы  жылдың 26 ​​сәуірі мен 6 желтоқсаны аралығында еліміздің ең үздік дәрігерлері, медиаторлары, психологтары және заңгерлерінің қатысуымен «Саламатты Қазақстан» медициналық пойызы» әлеуметтік жобасы іске асырылуда. Осыған байланысты аталмыш пойыз Макинка станциясына келді. Салтанатты іс-шараға медицина қызметкерлері, аудан әкімі Талғат Ерсейітов, қала тұрғындары мен ақмолалық журналистер қатысты.

26 және 27 маусым күндері медициналық пойыз Макинка станциясында қабылдау жүргізді. Аталмыш жоба Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі Ұлттық комиссияның қолдауымен өтуде. Іс-шара ел аймақтарының шалғай станцияларында тұратын азаматтарға тегін медициналық, психологиялық, құқықтық және медиативтік көмек көрсетуге бағытталған. Жоба аясында облыстардың шалғай станцияларында тұратын жағдайы қиын және мұқтаж халықтың әртүрлі топтарына тиімді көмек көрсету және жәрдемдесу барысында заңгер, психолог, медиатордың кәсіби қызметтері тегін. Бұланды ауданының әкімі осы іс-шараға байланысты өзінің құттықтау сөзінде:

−Бүгін біз үшін өте қуанышты күн. «Саламатты Қазақстан» медициналық пойызы біздің ауданымызға келіп отыр. Қонақтарға және тұрғындарға тілейтінім тек зор денсаулық, осы екі күн біздің денсаулық сақтау жүйесі үшін үлкен мүмкіндік  болып табылады.  Сондықтан мен өңірдің барлық тұрғындарын пойыз дәрігерлерінен қажетті көмек алуға шақырамын,−деді.

«Самұрық-Қазына Траст» және Әлеуметтік жобалар қоры «Қазақстан темір жолы» акционерлік қоғамы және Денсаулық сақтау министрлігімен бірлесіп, «Саламатты Қазақстан» атты әлеуметтік жобаны 2013 жылдан бастап  жүзеге асырып келеді. Оның шеңберінде шалғайдағы станция тұрғындары негізгі білікті мамандардан, оның ішінде терапевт, стоматолог, офтальмолог, ЛОР дәрігері, хирург, уролог, невропатолог, гинекологтан  тегін медициналық көмек алады.

−Біз сіздердің станцияларыңызға тегін тұрғыда медициналық заңдық медиативтік көмек көрсету мақсатында келдік. Бұл станцияда екі күн тұрамыз. Ақмола облысы біз келген алтыншы аймақ,  біз барлық 17 облыстан өтеміз. Алда әлі он бір аймақ бар,−деді салтанатты шарада Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі жанындағы Әйелдер істері және отбасылық демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның «Саламатты Қазақстан» жобасының үйлестірушісі Жанар Үстебекова.

Пойыз заманауи диагностикалық және медициналық жабдықтармен, шағын операциялық бөлмемен, зертханамен, интернетке сымсыз қосылуға арналған байланыс құралдарымен жабдықталған. Медициналық пойыздар медициналық емхана, аурухана, кабинеттер, жоғары жылдамдықты интернетке қолжетімділік жоқ жердегі шалғайдағы станцияның тұрғындарына медициналық көмек көрсетіледі.

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі Ұлттық комиссияның қолдауымен биылдан бастап алғаш рет жобаға кәсіби және тәжірибелі медиаторлар мен заңгерлер тартылып, олар тұрғындардың әртүрлі топтарына тегін медиациялық  және заңгерлік көмек көрсетуде. Сонымен қатар, даулар мен жанжалдардың сотқа дейін медиация тәртібімен шешілуін қамтамасыз ету, азаматтардың мемлекеттік әлеуметтік қолдау алуға құқықтарын қарау, зейнетақы, жәрдемақы, әлеуметтік  төлемдер тағайындау мәселелері бойынша тегін кеңестер беріліп, төлемдер мен атаулы әлеуметтік көмек, әлеуметтік заңнамаға енгізілген жаңа өзгерістер туралы ақпарат назарына ұсынылатын болады.

Сондай-ақ, азаматтық, жер, тұрғын үй, еңбек, банк, салық, отбасы-неке және басқа да көптеген мәселелер бойынша жүгінуге болады. Әлеуметтік жағынан мұктаж топтарға көмек көрсетуге ерекше көңіл бөлінеді.   Жалғызбасты, көпбалалы аналар, мүгедек және ауыр дертке шалдыққан балаларды тәрбиелеп отырған әйелдер, жұмыссыз жастар, мүгедек әйелдер, зейнеткерлер, студенттер, ажырасқандарға және қиын қаржылық жағдайға тап болған азаматтарға  мамандар көмегі аз емес. Соның бәріне осы күндері шын көздері жеткен бұландылықтардың «Саламатты Қазақстан» пойызына алғыстан басқа айтары болмады.

Ілияс ӘУБӘКІРОВ,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.

 Бұланды ауданы.

Суретті түсірген Айбек ДАНИЯРОВ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар