Ортақ мүдде, белсенді жұмыс

Ақмола облыстық мәслихатының 32 депутатының 24-і алғаш рет депутаттық корпусқа кірді, 8-інің облыстық өкілді органда жұмыс тәжірибесі бар.  Демек, халық қалаулыларының өз аудандарының бюджеттерін қалыптастыру процестеріне барынша белсенді ықпал етіп отыр. Әкімдіктер мен уәкілетті органдардың назарына өз сайлаушыларының тілектерін жеткізуге деген салауатты ниеттері де түсінікті. Моральдық-психологиялық ахуал жергілікті жерлердегі үйлесімді және сындарлы жұмыстарға, құқықтар мен жауапкершіліктің тең балансына, жағымды шешімдер қабылдауға, кейіннен халықтың барлық топтарына ақпарат жеткізуге көп байланысты болып келеді. Ал, әкімдердің жергілікті тұрғындармен кездесу жүргізуі халықтың жалпы көңіл-күйінің барометрін айқындайтын жағдай.

Жалпы, біздің сайлаушыларымыздың өмірінде көптеген жағымды оқиғалар орын алуда, барлық деңгейдегі бюджет бірнеше есе өсті, тұрғын үйлер салынып, жолдар жөнделуде, жаңа білім беру және медицина нысандары тұрғызылуда. Сонымен қатар, халықтың әлеуметтік-экономикалық сұраныстары, өмір сүру сапасын, экология мен еңбек қауіпсіздігін арттыру талаптары айтарлықтай өсті.

Жаңа депутаттық активтің алдында әлеуметтік-жауапты міндеттер тұр. Ол – жергілікті атқарушы органдармен тығыз қарым-қатынаста біздің сайлаушыларымыздың әл-ауқатын жаңа сапалы деңгейге көтеру. Жаңадан сайланған депутаттық корпус жаңа Қазақстанның барлық талаптары мен міндеттеріне лайықты жауап бере алатынына сенімдімін.

Өткен жылы Қазақстан Республикасының 20 өңірінің ішінен Ақмола облысы 6-шы орынға ие болды, бұл 2022 жылғы облыс бюджетінің тиімді атқарылғанын көрсетеді. 2020-2022 жылдарға арналған трансферттердің де, жергілікті бюджетке кірістердің де өсу көрсеткіштері мен түсімдер динамикасы жақсы. Мәселен, 2021 жылмен салыстырғанда меншікті табыстың өсуі 26 пайызды, ал, 2020 жылмен салыстырғанда 82 пайызды құрады.

Облыста 2022 жылы 1900 жұмыс орны құрылып, 165 миллиард теңгеге 8 жоба іске асырылды. Бюджеттің кіріс бөлігін одан әрі тиімді орындау ісінде 2700 қызметкерді жұмысқа орналастыра отырып, 200 миллиард теңгеге 29 жобаны іске асыру көзделуде.

Ақмола облысы өнеркәсіп өнімінің көлемі бойынша республикада бірінші орынды сенімді иеленді. Сонымен қатар, объективті себептер – Ресей Федерациясы мен Беларусь Республикасына қатысты экономикалық санкциялардың енгізілуіне байланысты машина жасау саласында көрсеткіштің төмендей түскені байқалды.

Ауыл шаруашылығының жалпы өнімін өндіру 1 триллион 92 миллиард теңгені құрады, бұл 2021 жылғы деңгейден 350 миллион теңгеге артық, республика рейтингінде бұл – екінші орын.

Өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуының маңызды көрсеткіші автомобиль жолдарының жай-күйі болып табылады. Өткен жылдың қорытындысы бойынша облыстық маңызы бар жолдар мен қалалардың көшелерінде жалпы сомасы 64 миллиард теңгеге жөндеу және күтіп-ұстау жұмыстары жүргізілді. Айта кететін жәйт, облыс орталығының тұрғындары Абай, Әуелбеков көшелерінде биылғы жылдың сәуір айынан басталып кеткен жөндеу қарқыны мен сапасын  жақсы  қабылдады.

Жұмыссыздық деңгейі 4,8 пайызды құрады, бұл өткен жылғыдан 0,1 пайызға төмен. Облыстың барлық өңірлері бойынша жұмыс орындарын құру жоспарының 100 пайыздан жоғары орындалуы, 15 мыңнан астам адамның немесе өтініш білдіргендердің 80 пайызының жұмысқа орналастырылғаны қуантады.

Облыс бойынша мемлекеттік бюджетке салықтар мен басқа да міндетті төлемдер 2021 жылғы 255,6 миллиард теңгеге қарағанда 328 миллиард теңге көлемінде түсті, өсу қарқыны 128,2 пайыз. Жергілікті бюджет 130,2 пайыз өсу қарқынымен 142 миллиард теңгені құрайтыны, біздің басқармаларға – бағдарлама әкімшілеріне өз жұмыстарын абыроймен атқарып, жиналған қаражатты азаматтардың әл-ауқатын нығайтуға бағыттауға мүмкіндік беретіні айқын.

Өңірдің даму деңгейінің көрсеткіші, әрине, білім беру жүйесі болып табылады. Қаржыландыру көлемі бойынша ең ірі, осы өте сезімтал салаға уақытылы және тиімді ден қою – барлық деңгейдегі мемлекеттік және өкілді  органдардың маңызды міндеті десек артық емес. Облыста 37 мыңнан астам адам жұмыс істейтін 1332 білім беру ұйымы бар. Соның ішінде 23 мың педагог, 542 жалпы білім беретін мектеп жұмыс істейді. Компьютерлік техникамен жарақтандыру «3 оқушыға – 1 компьютер» деңгейіне жеткізілді.

Мектептерде тамақтандыруды ұйымдастыру мәселесі оң шешімін тапты, барлық 542 мектепте 458 асхана мен 84 буфет жұмыс істейді. Тегін ыстық тамақпен әлеуметтік қорғалмаған отбасылардан 17 мыңнан астам оқушы, жалпыға бірдей білім беру қорынан аз қамтылған және көп балалы отбасылар мен 1-сыныптан 15 мыңға жуық оқушы қамтылды. 71 білім беру нысанында жалпы сомасы 2,5 миллиард теңгеге күрделі және ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Ақмола облысында 560 денсаулық сақтау нысаны жұмыс істейді, оның ішінде стационарлық көмек көрсететін 23 ұйым, жедел жәрдем станциясы, қан орталығы, амбулаториялық-емханалық көмек көрсететін 529 денсаулық сақтау ұйымы бар. Облыста медициналық жабдықтармен жарақтандыру деңгейі 2022 жылы 80 пайызға жетіп, 2021 жылмен салыстырғанда 4 пайызға өсті. Тағы бір аса маңызды көрсеткіш – дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету мәселелері бойынша өтініштер мен шағымдар саны 1,5 есе азайды.

Әлеуметтік мәселелер және денсаулық сақтау саласы облыстық мәслихаттың жаңа құрамы жұмысының алғашқы күндерінен бастап экономика және бюджет мәселелері жөніндегі комиссияның назарында болды және бола бермек. Тұрақты комиссия мүшелерінің Степногорск пен Атбасар қалаларына екі жұмыс сапары болды, ондағылар облыстың жақын өңірлеріне қызмет көрсететін көпсалалы ауруханалардың мәртебесі заңды түрде бекітіледі деп күтіп отыр. Облыстық мәслихаттың диалог алаңында Ақмола облысында денсаулық сақтауды қолдау және дамыту шараларының кешені бойынша кеңейтілген дөңгелек үстел өтті. Аудандардағы халық пен сайлаушылар осы маңызды істе – медициналық қызметтерді сапалы көрсетуде денсаулық сақтау саласы басшыларынан оң нәтиже күтуде.

Депутаттар қашан болсын, бюджетті қалыптастыру кезінде белсенді қатысушылар болып табылады. 2022 жыл нысаналы индикаторларды және бюджетті орындауда жақсы нәтижелермен аяқталғандықтан, алда да осы бағыттағы жұмыстар мен мәселелер өз шешімін табады деген сенім бар. Бұдан Ақмола облыстық мәслихатының депутаттары мен тұрақты комиссияларының мүшелері де өз күш-жігерлері мен білімдерін аянбайтыны айқын.

Марат ҚОЙШЫБАЕВ,
Ақмола облыстық мәслихатының экономика және бюджет мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар