Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Өзбекстандағы кезектен тыс президент сайлауы: дауыс беру басталды - АРҚА АЖАРЫ

Өзбекстандағы кезектен тыс президент сайлауы: дауыс беру басталды

— Өзбекстанда кезектен тыс президенттік сайлауда дауыс беру басталды. Сайлау учаскелері жергілікті уақыт бойынша сағат 8:00-де ашылып, 20:00-ге дейін жұмысын жалғастырады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ОСК мәліметінше, сайлаушылар тізіміне 19 миллион 593 мың 838 азамат енгізіліп, 14 округтік сайлау комиссиясы, 10 784 сайлау учаскесі құрылды. Шетелдегі өзбектер үшін 39 елде 56 сайлау учаскесі ашылған. Ал Қазақстан аумағында Өзбекстанның Астана, Алматы және Ақтау қалаларындағы дипломатиялық өкілдіктерінде бөлімдер ашылды.

Кезектен тыс президенттік сайлауды өткізуге 174,1 миллиард сум (15 миллион доллар) жұмсалған. Бұл 2021 жылы өткен президенттік сайлауды ұйымдастыруға бөлінген қаржыдан 41 пайызға аз.

Сайлауды ТМД, ШЫҰ, ҰТК, ЕҚЫҰ, ЮНЕСКО және басқа да халықаралық ұйымдардан 797 шетелдік байқаушы, сондай-ақ саяси партиялар мен азаматтардың өзін-өзі басқару органдарынан 53 677 жергілікті байқаушы бақылайды. Сайлау туралы ақпаратты 1,4 мыңнан астам шетелдік және жергілікті журналист жариялайды.

Сайлауда төрт үміткер бар. Экологиялық партия өз көшбасшысы Абдушүкүр Хамзаевты, Халықтық-демократиялық партия Ұлықбек Иноятовты, «Адолат» социал-демократиялық партиясы Жоғарғы сот төрағасының бұрынғы бірінші орынбасары Робахон Махмудованы және биліктегі «УзЛиДеП» партиясы қазіргі президент Шавкат Мирзиеевті ұсынды.

Сайлауда жеңіске жету үшін кандидат 50 пайыздан астам дауыс жинауы керек. Сайлаушылардың қатысу шегі – 33 пайыз. ОСК сайлаудың алдын ала нәтижелерін 10 шілдеде жариялауға уәде беріп отыр.

Бұл – Өзбекстанның жаңа Конституциясы күшіне енгеннен кейінгі алғашқы сайлау. Енді президенттік мерзім бес жылдан жеті жылға дейін ұзартылды. Өзбекстанның жаңа негізгі заңы республиканың қазіргі басшысы Шавкат Мирзиеевке бұл қызметке қайта сайлануға мүмкіндік береді.

Бұған дейін хабарланғандай, Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеев 2023 жылдың 9 шілдесіне белгіленген мемлекет басшысының кезектен тыс сайлауы туралы мәлімдеген.

Мерзімінен бұрын сайлау өткізудің себебі және ол Өзбекстанның саяси жүйесі үшін нені білдіретіні жайлы ҚазАқпарат материалынан оқыңыз.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар