Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Жәрдемақылар мөлшері ұлғайтылды - АРҚА АЖАРЫ

Жәрдемақылар мөлшері ұлғайтылды

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 25 мамырдағы №400 қаулысына сәйкес 2023 жылғы 1 шілдеден бастап Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан 2023 жылғы 1  шілдеге дейін тағайындалған мүгедектік және асыраушысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлемдердің мөлшері 14,5 пайызға ұлғайтылды.

Ақмола облысы бойынша 3626-ға жуық мүгедектігі бойынша жәрдемақы алушылардың және 2594 асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша жәрдемақы алушылардың әлеуметтік төлемдерін арттыру қамтылды.

Сонымен қатар, 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап жыл сайынғы индекстеу шеңберінде мүгедектігі және асыраушысынан айырылу  бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларды ұлғайтумен қатар, мүгедектігі және асыраушысынан айырылу бойынша ұзақ мерзімді әлеуметтік жәрдемақылардың мөлшері 8,5 пайызға ұлғайтылды. Бұл Ақмола облысының 6220-ға жуық алушысын қамтыды.

Жалпы, 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап жоғарыда аталған төлемдердің көлемі 23 пайызға өсті.

Индексацияға және көлемін ұлғайтуға байланысты қайта есептеу бойынша барлық жұмыстар автоматты түрде, яғни, алушыларға қосымша құжаттарды ұсынуды қажет етпей жүзеге асырылатын болады.

Бұл туралы қажетті ақпаратты gfss.kz сайтынан, akmola.gfss-Instagram парақшасынан немесе тел.8(7162) 90-10-21, 90-11-07 арқылы алуға болады.

А.САБЫРОВА,
«Мемлекеттік әлеуметтік сақтаныру қоры»
акционерлік қоғамы Ақмола облысы бойынша филиалының директоры.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар