Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Балалардың демалысы үш бағыт бойынша ұйымдастырылуда - АРҚА АЖАРЫ

Балалардың демалысы үш бағыт бойынша ұйымдастырылуда

Жаз – балалар үшін сауық-сайран мен қызықты демалыс кезеңі. Жазды асыға күтетін балалардың демалысын ұйымдастыру ата-аналар мен білім беру мекемелерінің жауапты жұмысы. Бүгінде облысымыздың біршама оқушылары өңірде ұйымдастырылған жазғы лагерьлер мен сауықтыру орталықтарына барып, демалып үлгерді. Жайдары жаздың да ортасына жетіп қалсақ та, мектеп оқушыларының жазғы демалыстары қайда, қалай өтіп жатқаны туралы білім басқармасының мамандарынан анықтап білдік.

Жалпы, елімізде мектеп оқушыларының жазғы демалысын ұйымдастыру жергілікті атқарушы органдардың міндеті болып табылып, бірнеше заңнамалық актілермен бекітілген.  Бұл орайда, «Балалардың сауықтыру демалысын, бос уақытын және жұмыспен қамтылуын ұйымдастыру және 2023 жылғы жазғы сауықтыру маусымында балалар мен жасөспірімдерге медициналық-санитарлық қызмет көрсету туралы» облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті, облыстық білім және денсаулық сақтау басқармалары тарапынан үшжақты бұйрыққа қол қойылған. Сонымен қатар, Ақмола облысының полиция департаментімен құқық бұзушылықтардың, балалардың жол-көлік жарақаттануларының алдын алу бойынша ведомствоаралық жоспар әзірленген.

Биыл облыста балалар демалысы үш бағыт бойынша жүзеге асырылып, тамыз айының 24-іне дейін жалғасады. Бірінші бағыт бойынша балалар демалысы қала сыртындағы 14 сауықтыру орталығында ұйымдастырылып, 15 лагерь жұмыс істейді. Жаз ішінде облыстық және республикалық қала сыртындағы лагерьлерде 14700 ақмолалық оқушы демалуы тиіс. Соның ішінде 1500 оқушы тегін демалады деп жоспарланған. Бұл үшін «Жалпы оқыту» қорынан 85,5 миллион теңге қаржы бөлініп, халықтың әлеуметтікосал тобынан шыққан отбасылардың балаларына жолдама сатып әперілді. Өткен 2022 жылы бұл мақсатта 82,5 миллион теңге қарастырылып, оған 1400-ден аса оқушы дем алған болатын. Көрікті Бурабайдың баурайында орналасқан «Балдәурен» республикалық сауықтыру орталығына облыстың 450 оқушысы барып, көңілді демалыстарын өткізді.

Сенімгерлік басқарушымен жасалған шарт шеңберінде әлеуметтік осал топтарға жататын отбасылардан шыққан 150 бала 5 маусымнан бастап, «Звездный» балалар сауықтыру орталығының базасында сауықтырылды. Қысқы және көктемгі демалыс кезінде  мұнда полиция органдарында есепте тұрған 30 оқушы демалған болатын. Алдын ала жоспарланған ақпараттарға сүйенетін болсақ, әлеуметтік осал топтардың ішінен шыққан 2100 бала қала сыртындағы демалыспен қамтылуы тиіс.

Қазіргі уақытта Білім министрлігімен бірлесіп, «Қазақстан халқы» қорының қаражатынан Ақмола облысының ауылдық жерлеріндегі 5-8 сынып аралығындағы 640 оқушыға тегін демалыс ұйымдастыру туралы мәселе пысықталды. Бұл тегін демалыс оқу үздіктері мен шығармашылық және зияткерлік байқаулар мен фестивальдердің жеңімпаздары үшін ұйымдастырылған.

Қала сыртындағы демалыстан басқа өңірдің білім беру мекемелерінің мектеп жанындағы алаңдарында  тамақпен қамтылған 217 лагерь және  тамақтандыру қарастырылмаған 286 лагерь ұйымдастырылды. Бұл лагерьлерде 70 мыңға жуық бала демалды. Мектеп жанындағы бұл лагерьлерде балалар негізінен ата-аналарының қаржыландыруы есебінен тамақтанса, әлеуметтік осал топтардың балалары мемлекеттік қызметтер есебінен тегін тамақтанды.

Демалысты ұйымдастырудың үшінші бағыты–  ата-аналардың есебінен балалардың демалыс орталықтарына ақылы түрде барып, сауықтырылуы.  Бұл ретте, өңірде25600 оқушы ақылы демалысты таңдапты. Ақылы лагерьлердің құны 35 мың теңгеден бастап, 110 мың теңгеге дейін барып отыр.

Жалпы, облыстағы мектеп оқушыларының 110 мыңға жуығы, яғни, 83,8 пайызы демалыс пен сауықтырудың әртүрлі түрімен қамтылады. Былтыр бұл көрсеткіш76 пайызды құрапты.

Облыстық білім басқармасының қызметкерлерінің мәлімдеуінше, жаз бойы өңірде 1300 шығармашылық үйірме мен студия, 2900 көгалдандыру бригадалары мен еңбек отряды,  560 зияткерлік тұрғыдан қамту топтары  мен 549 спорт секциясы жұмыс істейтін болады.

Ырысалды ШАМШИЕВА.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар