Депутаттардың кеңейтілген өкілеттіктеріне баса назар аударылды

 Ақмола облыстық мәслихатының төрағасы Бейбіт Жүсіповтің Шортанды аудандық мәслихатының депутаттарымен кездесуі «AMANAT» партиясының аумақтық филиалының ғимаратында аудан әкімі Сағындық Шабаров пен облыстық мәслихат депутаты Алмаз Мұхамедьяевтың қатысуымен өтті.

Кездесуге қатысушыларды аудандық мәслихат төрайымы Гүлнұр Сәдуақасова таныстырып, тұрақты комиссиялардың атқарып жатқан жұмысы мен қызметі туралы қысқаша айтып берді. Әріптестермен әңгімелесу барысында Бейбіт Айтымұлы әкімдіктің аппараттық кеңестеріне қатысуға, мәслихаттың тұрақты комиссияларының отырыстарында бюджеттік бағдарламалар әкімшілерін тыңдауға,барлық әлеуметтік маңызы бар жобалардың, оның ішінде «AMANAT» партиясының өңірлік Жол картасының іске асырылуына мониторинг жүргізуге құқығы бар депутаттардың кеңейтілген өкілеттіктеріне баса назар аударды.

Депутаттар көптеген сұрақтар қойып, олардың бір бөлігін облыстық мәслихаттың ерекше бақылауына алуды сұрады. Мәселен, депутат А.Қожамсейітов аудандағы орта мектептердің бірін жөндеуді Түркістан облысының фирмасы жүзеге асырып жатқанын айтты, ол ел бойынша 400-ге жуық тендерді жеңіп алды деген қауесет бар. Бұл фирмамен кейбір мәселелерді шешуде проблемалар туындауда.

Мен әріптестеріммен келісемін.–Мемлекеттік сатып алу туралы заң өзгерістерді талап етеді. Бұл мәселе елдік ауқымда шешілуі тиіс. Біз ауыл тұрғындарының өтініштерін әріптестерімізге, ҚР Парламенті Мәжілісі мен Сенатының депутаттарына міндетті түрде тапсырамыз, ұсыныстарды бейінді министрлікке жолдаймыз», – деді Б. Жүсіпов. Сондай-ақ, мәслихат төрағасы өз сөзін:

–Бірқатар білім беру объектілерін жөндеуді қаржыландыруға, Шортанды су құбыры жүйесін қайта жаңартуды жалғастыруға, Дамса ауылында қазандық салуға көмек беру туралы өтініштер айтылды. Осы мәселелердің барлығы облыстық мәслихат пен «AMANAT» партиясының өңірлік филиалының бақылауында. Әрине, бюджеттік өтінімдер болған жағдайда депутаттар облыстық бюджетті түзету кезінде осы жобаларды қолдайды,– деп түйіндеді.

Ақмола облыстық мәслихатының баспасөз қызметі. 

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар