Астрономдар құбылмалы жұлдызды анықтады

– Калифорнияда бір топ ғалым тарихта алғаш рет беті біркелкі емес жұлдызды анықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат ВВС-ге сілтеме жасап.

Жұлдыз құдды екі бөлікке бөлінген сияқты. Бір жағы гелийден, екінші жағы сутектен тұрады.

Ежелгі Рим құдайының құрметіне Янус деген атау беріліп үлгерген жұлдыз ақ ергежейлілер тобына жатады және бұл топ ғалымдарға бұрыннан белгілі әрі жақсы зерттелген.

Ғалымдардың пайымдауынша, Күн миллиардтаған жылдан кейін осындай ақ ергежейліге айналады.

Ерекше жұлдызды бірінші болып Сан-Диегодағы Калифорния технологиялық институты жанындағы Паломар обсерваториясының астрономдары анықтады.

Ол әр түн сайын жаңа нысандарды іздеп, жұлдызды аспанды сканерлейтін Zwicky Transient Facility (ZTF) құралының көмегімен тіркелген.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар