Қараөткел мен Қызылсуат ауылдарының жағдайына қанықты

Ақмола облыстық мәслихатының төрағасы Бейбіт Жүсіпов жұмыс сапарымен Целиноград ауданының Қараөткел және Қызылсуат ауылдарына барып, осы елді мекендердің көкейкесті мәселелері бойынша тұрғындармен кездесулер өткізді.

Кездесуге аудандық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары, білім беру, кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімдерінің басшылары, Қараөткел ауылдық округінің әкімі Т.Дауылтаев, аудандық мәслихаттың төрайымы Л.Қонарбаева және №8 сайлау округі бойынша аудандық мәслихат депутаты Д.Әбдірахманова қатысты.

Бұған дейін Қараөткел ауылы тұрғындарының бастамашыл тобы облыстық мәслихат төрағасының азаматтарды қабылдауынада келген болатын. Бейбіт Айтымұлы қиыршық тас пен құм өндіру карьерлерінің жағдайын, жолдар мен басқа да инфрақұрылымның жай-күйін көріп, білу үшін Қараөткелге келемін деп уәде  берген.

–Қараөткелдің елордаға жақын орналасқаны ауыл тұрғындарына көптеген проблемалар әкелуде. Ауылдың айналасында заң бұзушылықтармен жұмыс істейтін және қараусыз қалған көптеген карьерлер бар. Жол бойымен құм, қиыршық тас тиелген машиналар жол төсемін бүлдіріп, шаңды көтереді. Қараусыз қалған карьерлердің  орнында қазір табиғи полигондарға айналып кеткен шұңқырлар жатыр. Ашық кен орындары елді мекендердің жағдайына кері әсерін тигізуде. Тұрғындар ауданның экологиялық жағдайын нашарлататын мұндай жерлерге рекультивациялауды жүргізбеген осы карьерлерді әзірлеушілерді жауапкершілікке тарту туралы мәселені әділ көтеруде. Қызылсуат ауылындағы карьерлердің  жағдайы да осындай, – деді өз сөзінде Б.Жүсіпов.

Сонымен қатар, Қараөткел тұрғындары кентішілік жолдарды күрделі жөндеу, 2022 жылы «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында салынған спорт алаңының сапасы және оның жоғары вольтты электр беру желілерімен қатар тұрғаны туралы мәселелерді тағы да көтерді. Қаржыландырудың болмауына байланысты 280 орындық балабақша құрылысы да тоқтап қалған.

Көкшетауға оралғаннан кейін мәслихат төрағасы барлық айтылған мәселелер бойынша уәкілетті басқармалардың басшыларымен кездесті. Жақын арада барлық мүдделі тараптар қатыстырыла отырып, облыстық мәслихаттың тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы өткізілетін болады.

Ақмола облыстық мәслихатының баспасөз қызметі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар