Пәкістандағы жарылыс: Зардап шеккендер саны 200-ге жетуі мүмкін

– Пәкістанда Джамиат Улема Ислам-Фазл (JUI-F) ислам партиясының сайлауалды митингі кезінде болған күшті жарылыстан 44 адам қаза тапты.

Шабуылды елдегі жағдайды ушықтыруға тырысқан жиһадшылар ұйымдастыруы мүмкін, деп хабарлайды ҚазАқпарат ВВС-ге сілтеме жасап.

ВВС-ге билік өкілдерінің хабарлауынша, полицияда жарылысты жаңкешті лаңкес жасағанына дәлелдер бар.

Түрлі дереккөздер бойынша, зардап шеккендер саны 200-ге жетуі мүмкін. Ауданды қоршауға алған қауіпсіздік қызметі құрбандар саны одан көп болуы ықтимал екенін ескертті, себебі митингке 500-ге жуық адам қатысқан.

Жергілікті телеарна эфирінде жедел жәрдем қызметтері жараланған адамдарды жергілікті ауруханаға қалай жеткізіп жатқандары көрсетілді. Ал аса ауыр науқастарды тікұшақпен Пешавара емханаларына жіберіп жатыр.

Жергілікті ауруханада дәрігер де, кереует те жетіспейді. Олар мұндай көп науқасты қарап үлгермей жатыр. Жараланғандардың кейбірі көмек күтіп дәліздерде жатыр.

Жергілікті билік өкілдерінің хабарлауынша, жарылыс салдарынан JUI-F аймақтық көшбасшысы Маулана Зиаулла да мерт болды. Жарылыс ол жақтастарына сөз сөйлеп жатқан кезде болған.

JUI-F – ірі діни саяси партия. Ол Пәкістан парламентіндегі үкімет коалициясының құрамына кіреді. Хар қаласындағы митинг елде биыл күзде өтуі керек жалпыұлттық парламент сайлауы қарсаңында ұйымдастырылды.

Осыған дейін Пәкістанның Хайбер-Пахтунхва провинциясындағы теракт кезінде 35 адам қаза тапқаны туралы хабарланды.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар