Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Әкенің ұлына айтқан үш өсиеті - АРҚА АЖАРЫ

Әкенің ұлына айтқан үш өсиеті

Бір бай дүниеден өтер уақытында ұлын шақырып алып:

– Ұлым, мен өлген соң жұма сайын қыз алып, қала сайын үй сал. Ас жесең, бал же, – деп өсиет айтыпты.

Бай дүниеден өтіп, ұлы атасының өсиетін орындай бастайды: жұма сайын қыз алып, қала сайын үй салады, ас ішсе, бал ішіп, ақшасын бітіреді. Сөйтіп, жігіт далаға шығып біраз жүріп, бір үйілген тастың ығында, бөркін қолына алып, басын ұстап отырған уақытта, бір жақтан ақсақал келіп жігітке сәлем береді. Жігіт сәлемін алған соң, ол адам жанына отырады да, жігітке:

– Неғып отырсың? – дейді.

Жігіт: – Жай отырмын, – деп жауап береді.

Ақсақал:  – Шыныңды айт! – деп қыса бастайды.  Жігіт еш нәрсе айтпайды. Тағы да ақсақал:

– Сырыңды жасырма! Мен саған жақсылық көрсетемін, – дейді.

Жігіт:  – Менің атам бай адам еді, сол атамның өлер алдында айтқан өсиетін орындаймын деп кедей болдым, – дейді.

Ақсақал:  – Қандай өсиет айтып еді? – дейді.

Жігіт:  – Әуелгі өсиеті:  «Мен өлген соң жұма сайын қыз ал», – деп еді, мен атамның сол өсиетін тұтып, жұма сайын қыз алдым. Екінші өсиеті: «Қала сайын үй сал», – деп еді. Мен қала сайын үй салдым. Үшінші өсиеті: «Ас ішсең, бал же», – деп еді. Мен бұл өсиетін де орындап, әр күні бал жедім. Солай етіп, үш жылда барлық ақшам таусылды, – дейді.

Ақсақал тұрып жігітке:  – Сен атаңның өсиетін ұқпаған екенсің, өйткені атаңның: «жұма сайын қыз ал» дегені: «әйеліңмен сыйлас бол, қадіріңді кетірме. Сонда ғұмыр бойы тату-тәтті өмір сүресің» дегені. «Қала сайын үй сал» дегені: «қала сайын достарың болсын, барғанда түсетін» дегені еді. «Ас ішсең, бал же» дегені:  «еңбек істеп, ас ішсең, балдан тәтті болады» дегені еді, – деп қарт өз жөніне кетіпті.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар