Ауылдық мәдениет үйі жөнделіп, жаңартылды

Зопорожье ауылдық Мәдениет үйі елді мекендердің тұрмыс-тіршілігін, мәдениетін дамытуға бағытталған «Ауыл –ел бесігі» бағдарламасы аясында күрделі жөндеуден өткізіліп жатыр.

Аталған бағдарлама шалғай ауылдарды сапалы деңгейге көтеру мақсатын көздейтін мемлекеттік жоба. Бұл мәдениет үйі 1975 жылы ашылған. Содан бері күрделі жөндеу жүргізілмеген. Мәдениет үйінде 9 клубтық құрылым жұмыс істейді және оларда 71 қатысушы шығармашылықпен айналысады. Екі қабатты ғимараттың жалпы ауданы 1742 шаршы метрді құрайды. Көрермендер залы 300 орынға лайықталған. Қазіргі уақытта штатта 7 адам жұмыс істейді.

–Халыққа көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру және мәдениет мекемесіндегі жұмыс жағдайын жақсарту мақсатында мәдениет үйінің ғимаратын күрделі жөндеу үшін «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы бойынша республикалық бюджеттен 268 миллионтеңге сомасына сметалық есеп жүргізілді және 238 миллион теңге сомасына шарт жасалды. 2022 жылғы 31 желтоқсанда мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысы алынған болатын. Ашық конкурстың қорытындысы нәтижесінде 2023 жылғы 26 қаңтарда жоғарыда аталған ғимараттың жобалау-сметалық құжаттамасын әзірлеуге Шымкент қаласындағы «АРХ-кешені»серіктестігіменкелісім-шарт жасалды. Сөйтіп,  күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуге міндет алған мердігер компания – «ГрадСтройСервис» серіктестігі бүгінде іске білек сыбана кіріскен, –дейді аудандық мәдениет үйі директорының міндетін атқарушы Жазира Қуанышбаева.

Мәдениет үйіндегі күрделі жөндеу кезіндегі инжинирингтік қызметтерді «Rizim ENGINEERING» серіктестігі жүзеге асыруда. Жоба шеңберінде ауылдық мәдениет үйінің ғимаратының құрылыс-монтаждау жұмыстары жүргізіледі. Атап айтқанда, нысанның шатыры, қасбеті, терезелері, есіктері, едендері, су құбыры мен кәріз жүйесі ауыстырылады, жылыту, электр жабдықтары мен электр жарығы, өрт дабылы, әрлеу жұмыстары, витраждар, төбелерді ауыстыру, ғимаратты қаптау және құрылыс жұмыстарының өзге де түрлері атқарылады деп көзделген.

Ауылдық мәдениет үйінің негізгі міндеті – ауыл тұрғындарының мәдени бос уақытын мазмұнды ұйымдастыру, мерекелер, фестивальдар, конкурстар, тағы басқа шаралар өткізу десек, мәдениет үйіндегі шығармашылық ұжымдар аудандық, облыстық байқауларға, фестивальдерге, конкурстарға қатысып, талай рет жүлделі орындардан көрінген. Мәдениет үйі күрделі жөндеуден өткізілгеннен кейін бұл мүмкіндік тіпті, арта түсетіндігі даусыз.

Ырысалды ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.

Жақсы ауданы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар