Жаңақимада көпір қалпына келтірілуде

ИГІ БІР ІС

Жаңақима ауылдық округінде су тасқынына қарсы іс-шаралар аясында көпірді қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде.

Бұл жұмыстар жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сондай-ақ, су тасқыны кезеңінің ықтимал салдарын болдырмау және елді мекен тұрғындары үшін қатынастың үздіксіздігін сақтау мақсатында атқарылып отыр.

Қима – Терісаққан автокөлік жолындағы көпірді қайта жаңғырту жұмыстарын мердігер ұйым 2025 жылдың желтоқсан айында бастаған. Онымен бір мезгілде өзен арнасын тазалау жұмыстары қолға алынуда. Мұнымен бірге, жаңа көпір салу жұмыстары қатар жүргізілетін болады.

– Барлық жұмыстар белгіленген техникалық және құрылыс нормаларын сақтай отырып, жоспарға сай жүргізілуде. Қалпына келтіру жұмыстарының барысы жергілікті атқарушы органдардың бақылауында, – деп хабарлады аудан әкімдігі.

«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Жақсы ауданы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар