Көктемгі егіс науқанына 37 мың техника жұмылдырылады

АУЫЛ ШАРУАСЫ

Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжановтың төрағалығымен көктемгі егіс жұмыстарына дайындық жөніндегі кеңес өтті.

Өңірде жаздық егіс 5,5 миллион гектарға жоспарланған. Оның ішінде 4,6 миллион гектары дәнді дақылдар, ал, 570 мың гектары майлы дақылдар, мал азықтық дақылдар 370,4 мың гектарға орналастырылады деп атап өтті өңір басшысы кеңесте сөйлеген сөзінде.

– Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер 539,8 мың тонна тұқыммен, дизель отынымен және минералдық тыңайтқыштармен қамтамасыз етілген. Егіс науқанына шамамен 37 мың техника тартылатын болады, олардың бүгінгі күнгі дайындығы 82 пайызды құрайды, сәуір айының ортасында 100 пайыз дайындыққа қол жеткіземіз. «Кең Дала -2» бағдарламасы аясында 145 шаруашылықтың көктемгі егіс жұмыстарын несиелеуге 15,4 миллиард теңге бөлінді, – деді Ақмола облысының ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының басшысы Нұрбек Бадырақов.

Сонымен қатар, облысымызда пайдаланылмай жатқан жерлерді қайтару және қайта бөлу жұмыстары да жалғасуда. 2026 жылы осындай 90 мың гектар жерді мемлекет меншігіне қайтару жоспарланып отыр.

– Көктемгі егіс жұмыстарымен қатар, Ерейментау ауданының зәкірлік жобаларына сүйене отырып, ет және сүт бағытындағы мал шаруашылығын дамытуды жалғастыру қажет. Сондай-ақ, цифрландыру басқармасы да шет қалмауы тиіс. Егіс алқаптарын мониторингтеу дрондардың көмегімен жүргізіледі, – деп атап өтті өңір басшысы.

Кеңес қорытындысы бойынша Марат Ахметжанов мүдделі мемлекеттік органдарға бірқатар тапсырма берді.

Ақмола облысы әкімінің баспасөз қызметі.

 

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар