Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға септігін тигізеді - АРҚА АЖАРЫ

Сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға септігін тигізеді

Ақмола облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Алмас Алин мен Ақмола облысы мемлекеттік сатып алу және коммуналдық меншік басқармасының басшысы  Қайыргелді Батталов рейтингтік-балдық жүйенің конкурстық тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру ерекшеліктері бойынша үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерімен кездесу өткізді.

Былтырғы жылы  өңірде 63 мемлекеттік сатып алу рейтингтік-балдық жүйе түрінде жүргізілген еді. Бұл сыбайлас жемқорлықты төмендетуге көмектеседі. Жүйе бойынша саяси лауазымдағы қызметкерлер процеске араласпайды, сонымен бірге, электронды дүкен  тауар жеткізушілердіңавтоматты түрде рейтингін береді.Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевоблыс әкімдері мен атқарушы органдардың бірінші басшыларының конкурстық комиссия төрағалары болып тағайындалмайтынын ескертті. Ендіжүйені орталықтандырылған орган басқарып, мемлекеттік сатып алу талабы шектелетін болады.

−2022 жылғы қыркүйекте мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушы жүзеге асыратын тауарлар мен қызметтердің тізбесін айқындау туралы Қаржы министрінің бұйрығына өзгерістер күшіне енді.    Рейтингтік-балдық жүйені пайдалана отырып, конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алу уәкілетті орган бекіткен тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесі бойынша жүзеге асырылады. Мемлекеттік сатып алу рейтингтік-балдық жүйе арқылы уәкілетті орган бекіткен тауарлар мен қызметтер тізбесі бойынша жүзеге асырылады. Сондай-ақ, конкурстың қорытындылары заңның тәртібімен шағымдануға жатпайды. Бұл сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және уақытты үнемдеу мақсатында тиімді, − деді өз сөзінде  Қайыргелді Батталов.

Өткен жылы мемлекеттік сатып алу туралы қолданыстағы заң жаңартылған еді. Былтырдан бастап құрылыс-монтаж жұмыстары және жобалау бойынша сатып алулар жаңа әдіспенжүзеге асырылып келеді. Бұл әдіс сатып алу жеңімпазын автоматты түрде анықтайды.

−Мемлекеттік органдармен үкіметтік емес ұйымдардың өзара іс-қимылы мен ынтымақтастығын арттыру мақсатындағы әлеуметтік тапсырыстың маңызы зор. Өңірде 26 мекеме әлеуметтік бағдарламалардың әкімшісі болып отыр. Оның ішінде аудандық және қалалық әкімдіктер де бар. Үкіметтік емес ұйымдар азаматтық қоғамды қалыптастырудың тікелей қатысушылары болып табылып, қоғамдағы тұрақтылықты сақтауға үлкен үлес қосуда, − деді өз сөзінде Алмас Алин.

Жалпы, құрылыстағы ұзақ мерзімді жобаларды уақытылы бітіруге мемлекеттік сатып алудағы олқылықтар кедергі туғызатыны белгілі. Сондықтан да, осы саладағы ашықтықты қамтамасыз етуге бағытталған бұл жүйе нәтижелі болады деген сенім бар.

Ілияс ӘУБӘКІРОВ,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар