Денсаулық сақтау министрі Ақмола облысында болды

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният Ақмола облысында жұмыс сапарымен болып, Қосшы қаласының медициналық мекемелерін аралап көрді, елорда маңындағы елді мекендердің денсаулық сақтау жүйесінің жағдайымен танысып, азаматтарды қабылдады. Министрменоблыс әкімінің орынбасары Алтынай Әміренова бірге болды.

Министрдің алғашқы барған нысаны қаладағы «Жанұя» қазақстандық әлеуметтік-медициналық компаниясы ЖШС-нің емханасы болды. Емхана бүгінде міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға және халыққа тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлеміне кіретін қызметтердің 30-дан астам түрін көрсетеді. Медициналық мекемеге барлығы 25 мыңға жуық адам тіркелген. Жаңа ғимарат заманауи медициналық жабдықтармен жабдықталған. Мұнда күніне 320-350 адамға қызмет көрсетуге бағытталған 18 учаске орналасқан.

Ажар Ғиният медициналық қызметтің жоғары сапасын қамтамасыз ету қажеттілігіне және пациенттердің сұранысына бағдарлануға баса назар аударды. Бұдан кейін Қосшы қаласының №1 емханасының жұмысымен де танысты. Медициналық мекеме 100 пайыз қажетті заманауи жабдықтармен жабдықталған. Мұнда амбулаториялық-емханалық, консультациялық-диагностикалық және стационарды алмастыратын жоспарлы көмекті жоғары білікті дәрігерлер көрсетеді. Министр елорда маңындағы халықтың көптігіне байланысты жергілікті медициналық мекемелерге үлкен жүктеме түсетінін атап өтті. Соған қарамастан, дәрігерлер барлық пациенттерге жедел және сапалы көмек көрсетуі керек.

Ажар Ғиният аурулардың алдын алуды күшейтуге және пациенттерді уақытылы диспансерлеуге назар аударды. Ол сондай-ақ, дәрігерлермен халықты емдеудің және әртүрлі медициналық қызметтерді көрсетудің өзекті мәселелерін талқылады.

Қосшы қаласының активімен кездесуде Ақмола облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Нұрлан Ахильбеков пен денсаулық сақтау министрлігінің құрылымдық бөлімшелері басшыларының баяндамаларын тыңдады. Сонымен қатар, денсаулық сақтау саласының өзекті мәселелерін жергілікті қоғамдастықпен талқылай отырып, медициналық-санитарлық және жедел жәрдемді дамытудың басым бағыттары, медициналық нысандардың жай-күйін жақсарту жөніндегі шаралар, кадр саясаты және медициналық көмектің қолжетімділігі туралы айтып берді. Сондай-ақ, жеке мәселелері бойынша азаматтарды қабылдады. Мұнда пациенттердің құқықтарын қорғау, медициналық жедел жәрдем қызметінің және жалпылай алғанда, медициналық қызмет көрсетудің деңгейі туралы сөз болды. Азаматтардың әрбір өтінішін Ажар Ғиният жеке бақылауға алуға және оларды шешуге жәрдемдесуге уәде беріп, көтерілген мәселелерге түсініктеме берді.

«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар