«Көкшетау» мәдениет үйінде кәсіби мереке – Қазақстан Республикасы Көлік қызметкерлері күніне арналған салтанатты іс-шара болып өтті.Онда Ақмола облысы әкімінің орынбасары Елдос Рамазанов құттықтау сөз сөйлеп, көлік саласы қызметкерлері мен ардагерлерін төл мерекелерімен құттықтады.
Шарада сондай-ақ, еңбек ардагерлеріне осы саладағы Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаевтың атынан гүл шоқтары табыс етілді.
Салтанатты шара барысында Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Құрмет грамотасы «Bus Kokshe» ЖШС-нің жүргізушісі Игорь Солопаев пен «Көкшетау автобус паркі» ЖШС-нің техникалық көмек көрсету көлігінің жүргізушісі Қорған Мусинге табыс етілді.Ал, Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Алғыс хатымен «РОСТ» ЖШС-нің техникалық қызметкері Елена Вальтер және «Көкшетау автобус паркі» ЖШС-нің жүргізушісі Сергей Латыш марапатталды.
Сонымен қатар, бірқатар сала қызметкерлері Ақмола облысы әкімінің Алғыс хатына ие болды. Олардың қатарында – «Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы» АҚ – «Көкшетау әуежайы» филиалы авиациялық қауіпсіздік қызметінің қауіпсіздік бөлімінің инспекторыҚайыргелді Жүсіпов, «Қазақстан Халық Банкі» АҚ Ақмола облыстық филиалының карточкалық бизнес орталығының басшысы Дина Мұқатова, «KoksheBusTolem» ЖШС-нің техникалық менеджері Юрий Ткаченко, тағы басқалары бар.
Сондай-ақ, «ҚТЖ» ҰК» АҚ зейнеткері Александр Михалкин, «СейНұр» фирмасы» ЖШС-нің жүргізушісі Әлібек Бектасов және «РОСТ» ЖШС-ның жүргізушісі Сергей Губанов көп жылғы еселі еңбектері үшін «Еңбек ардагері» медалімен және «СейНұр» фирмасы» ЖШС-нің жүргізушісі Михаил Бегичев «Құрметті автокөлікші» төсбелгісімен, ал, «РОСТ» ЖШС-нің жүргізушісі Александр Цыганков, «Bus Kokshe» ЖШС-інің диспетчері Светланаа Мамаева мен «Көкшетау автобус паркі» ЖШС-нің жүргізушісі Темірбек Хасенов «Үздік автокөлікші» төсбелгісімен марапатталды.
Салтанатты шара соңы қатысушыларға, көлік қызметкерлеріне көтеріңкі көңіл-күй сыйлаған шағын мерекелік концертке ұласты.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.