Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері қысқартылады - АРҚА АЖАРЫ

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері қысқартылады

Өңірлік коммуникациялар қызметінде «Азаматтарға арналған Үкімет» мемлекеттік корпорациясы» Коммерциялық емес акционерлік қоғамының Ақмола облысы бойынша филиалы директорының орынбасары Сұлтан Мәліковтің брифингі болып өтті.

Онда азаматтық хал актілерін тіркеу міндеттерін мемлекеттік корпорацияға беру және жаңа сервистік өзгерістер енгізу  жөнінде  баяндалды. «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне инновацияларды ынталандыру, цифрландыруды, ақпараттық қауіпсіздікті және білім беруді дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңына сәйкес  ағымдағы  жылғы 1 шілдеден бастап, азаматтық хал актілерін тіркеу жөніндегі функциялар жергілікті атқарушы органдардан «Азаматтарға арналған Үкімет»мемлекеттік корпорациясына берілді.

−Азаматтық хал актілерін тіркеу функцияларын мемлекеттік корпорацияға беру АХАТ органдары жүйесін жойған жоқ.Бұл ауысу мемлекеттік қызметтерді алу уақытын қысқарту мақсатында жасалды. Қазіргі уақытта, мемлекеттік қызмет көрсету мерзімін 5 күннен 2 күнге дейін, 2 күннен 1 жұмыс күніне дейін қысқарту жобалары қаралуда. Айта кету керек, шілде айында 2 мыңнан астам мемлекеттік қызмет көрсетілді. Олардың 914-і туу, 466-сында неке қию, 71-інде некені бұзу, 573-інде қайтыс болу актілері тіркелді,− деп түсіндірді өз сөзінде Сұлтан Мәліков.

Осылайша АХАТ функцияларын мемлекеттік корпорацияға бергеннен кейін қызмет көрсету тәртібі өзгерген жоқ.Ең сұранысқа ие және әлеуметтік маңызы бар қызметтер болып  табылатын туу мен өлімді тіркеу  ақысыз негізде көрсетіледі. Тіркеудің қалған түрлері бойынша, оның ішінде неке қию, некені бұзу, қайтадан куәліктер мен анықтамалар беру де мемлекеттік баж мөлшерлемесі өзгеріссіз қалды.

Брифинг барысында спикер азаматтық хал актісі тіркелгеннен кейін куәліктер Egov жеке кабинетінде электрондық нұсқада қолжетімді болатынын атап өтті. Азаматтардың қалауы бойынша азаматтық хал актілерін тіркеу туралы куәліктер мен анықтамаларды қағаз тасымалдағышта да алуға болады.

−Қазіргі уақытта азаматтық хал актілерін тіркеу туралы куәліктерді ресімдеу екінші деңгейдегі банктердің платформаларында қолжетімді. Мәселен, тууды немесе некені тіркеуге өтініштіКаspi.kz, Halyk қосымшалары арқылы беруге болады. Бұл азаматтар үшін өте ыңғайлы. Туу туралы, неке қию туралы куәліктердің электрондық нұсқалары «eGovmobile» мобильді қосымшасында да қолжетімді, – деп түйіндеді өз сөзін Сұлтан Мәліков.

Сонымен, мұндай өзгерістер ел тұрғындарының қажетті қызмет алу үшін  ұзақ уақыт бойы  кезекте тұрмауына, сөйтіп, уақытын үнемдеуге бағытталған деуге болады.

Ілияс ӘУБӘКІРОВ,
Арқа ажарының өз тілшісі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар