Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Жеңісті жолды лайықты жалғастыруда - АРҚА АЖАРЫ

Жеңісті жолды лайықты жалғастыруда

Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаев Сандықтау ауданында «Ақ бидай-2023» облыстықХХХІVжазғы спартакиадасының ашылу салтанатына қатысып, жарысқа қатысушылар мен қонақтардың алдында құттықтау сөз сөйлеп, спортшыларға сәттілік тіледі. Спартакиадаға облыс аудандары мен қалаларынан бір мыңнан астам спортшы қатысуда.

– Аймақтаспорттық инфрақұрылымның кеңеюінің арқасында салауатты өмір салтын насихаттайтындар саны жыл сайын артып келеді. Бүгінде облысымыздың әрбір үшінші тұрғыны дене шынықтырумен және спортпен айналысады. «Арт-Спорт» мемлекеттік спорттық тапсырыс бағдарламасының арқасында 9 мыңнан астам бала спорт секцияларына тегінқатысады.

Спорт инфрақұрылымыбойынша жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Өткен жылы Ерейментау қаласында жүзу бассейні бар дене шынықтыру-сауықтыру кешені пайдалануға берілді.Облыстық бюджет есебінен бүгінде Щучинск қаласында Спорт сарайы, Есіл қаласында, облыс орталығының іргесіндегі Краснояр,Бурабай ауданының Мәдениет, Жақсы ауданының орталығыЖақсы ауылдарында дене шынықтыру-сауықтыру кешендері салынып жатыр. «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасының аясында Целиноград ауданының Ақмол ауылында осындай дене шынықтыру-сауықтыру кешені ашылды.

Сондай-ақ, Шортанды,Сандықтау аудандарының орталықтарында стадиондар күрделі жөндеуден өтті. Меценаттардың арқасында Атбасар ауданының Шуйское,Жақсы ауданының Белағаш ауылдарында спорт кешендері, Сандықтау ауданының Максимовка ауылында жабық хоккей корты салынды. Қосшы қаласы мен Қорғалжын ауылында да спорт нысандары, Бурабай, Бұланды аудандарында спорт кешендері күрделі жөндеуден өтуде.

Тәуелсіз Қазақстанның шаңғыдан тұңғыш Олимпиада чемпионы, Ақмола облысының құрметті азаматы Владимир Смирновтың туған жері Щучинск қаласында өткен биатлоннан әлем чемпионаты облыс спортындағы маңызды оқиғалардың бірі болды. Чемпионатқа әлемнің 40-тан астам елінен 800-ден аса спортшы келді. Бұл әлемдік маңызы бар ірі жарыстарды ұйымдастыру мен өткізуде елімізге, соның ішінде біздің өңірге үлкен сенім артылып отырғанын тағы бір дәлелдейді, – деп атап өтті Ермек Маржықпаев.

Биылғы жылы «Ақ бидай-2023» жазғы спартакиадасының ашылу салтанаты үлкен театрландырылған қойылымға айналып, оған сандықтаулықтар тыңғылықты дайындалғандығы байқалды. Аудан орталығындағы стадионда үлкен LED экраны бар заманауи сахна орнатылды. Фанфарлар дабылдатып, мереке «Спорт – жүректілер жалауы!» атты прологпен басталды. Осы мерекелік көңіл-күйді хореографиялық ұжымдардың биі жалғастырды. Аудандар мен қалалардан келген спорт делегациялары шерумен өтті. Түрлі-түсті ұлттық киім киген «Он алты қыз» халықтық хореографиялық ансамблі Ақмола облысының символы – нан себеттерімен «Алтын дән» хореографиялық эскизін орындады. Мемлекеттік Әнұран орындалғаннан кейін тостағандарындағы адыраспандарыменәжелер тобы футбол алаңына шығып, ақсақал бата беріп, спартакиаданың алауы жағылды.

«Сандықтаудың алтын шашындылары» театрландырылған қойылымы, жарқ-жұрқ еткен фейерверктер, «Астана-Опера» әртістері орындаған «Қазақстан» патриоттық әні де көпшілік көңілінен шықты. Біз осы сәтті пайдаланып, спартакиадаға келген бір-екі спортшыны сөзге тарттық.

–Біздің командада отыз адам бар. Мен «Ақ бидай» жазғы спартакиадасында 2006 жылдан бері өнер көрсетіп келемін. Әкем алты жасымнан бастап шахмат ойнауға үйретті. Осы бір интеллектуалды ойын маған өте ұнайды. Әрбір мектепте шахмат сабағы өтсе деп армандаймын. Жарыста біздің негізгі қарсыласымыз – облыс орталығының командасы. Бізоларды  бұрын бір рет ұтып, бірінші орыннан да көрінгенбіз, – дейді 2020 жылғы спартакиадада шахматтан облыс чемпионы атанған Аршалы ауданының Жібек жолы ауылының тұрғыны Сәуле Абайділданова. Шортанды ауданынан келген жеңіл атлет Артур Савинцев:

–Маған спартакиаданың ашылу салтанаты ұнады. Ол жоғары деңгейде өтіп жатыр. Барлық спортшыларға өздерінің үздік нәтижелерін көрсетуді тілеймін, – дейді. Енді алда қатысушылар мен жанкүйерлерді спорттың көптеген түрінен жарыстар күтіп тұр. Аймақ басшысы атап өткеніндей, ақмолалықтар спортта да жеңісті жолды лайықты жалғастырып келеді.

Асылай ҚАДЫРҚЫЗЫ,
Вероника БУРДА.

Суреттерді түсірген Айбека ДАНИЯРОВ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар