Сәуір, 2023 жыл. Қатаркөл оңалту және демалу орталығы. Мұнда зейнеткерлер мен мүгедектер жылына бір рет 14 күн емделіп, қарағайлы орманның таза ауасын жұтып, Қатаркөлінің жағасында Сәкен Сейфуллин жырлағандай:
Ауасы дертке дауа, жұпар иісі,
Көкірек қанша жұтсаң, тоясынба? –
деп тебірене далада дем алуға тырысады. Сөздің реті келгенде, айта кетейін қоштасу кешінде сөйлеушілер осындай орынды алып берген Астана қаласының бұрынғы әкімі И.Н.Тасмағамбетовке және осы орынды жүдетпей демалушыларға қызмет атқарып отырған ұжымға ризашылықтарын білдіріп жатады.
Таза ауада демалып жүрген кезде бір азаматтың келіншегін жетектеп, серуендеп жүргенін бәріміз байқаймыз. Біреулер келіншекке аянышпен қарап жатса, енді біреулері жігітке ризашылықтарын білдіріп отырады. Жігіттің есімі Қондыбай (өзгертіліп алынды). Келіншегінің жоғары білімі бар. Мамандығы қаржы саласының қызметкері. Республикалық қаржы министрлігінде қызмет атқарған. Шамасы елудің маңайындағы азаматтар. Жігіт сымбатты, ұзынбойлы, аққұба келген, әдемі мұрты бар.
Демалушы Ахметжанов жігітті Сәкен Сейфулинге ұқсататындығын айтып қалды. Қондыбаймен әңгімелескенімде, келіншегінің осындай жазылмайтын сырқатқа ұшырағанына екі-үш жыл болғанын, содан бері өзі қарап жүргендігін тілге тиекетті. Екі балалары бар екен, жеке үй болып отырған көрінеді. Психоневрологиялық мекемеге беруге ұсыныс жасапты, одан бас тартыпты. Балаларынан кісі жалдайық деген ұсыныс болыпты, оныда қабылдамапты, өйткені, олар өзіндей күтпейдідегенге сайыпты. Балалар қолдарына алғысы келіпті. Оларды жұмыстарынан қалдырғысы келмеген. Кір-қоңын жуу, үй тазалығын, қажетті азық-түлікпен дәрі-дәрмекті балалары өз мойындарына алыпты.
Келіншектің жолдасының осы ісіне қалай риза болмайсың. Қазіргі жас отбасылар бір-біріне қамқорлық жасамақ түгілі статистика бойынша әрбір үшінші жұбы айырылысып жатыр. Халықтық қағида бойынша жас азамат екі нәрседен қателеспеуі керек. Ол мамандық пен жар таңдаудан. Отбасын құрарда екі жақта бірін-бірі асықпай байқауы керек, біз бір-бірімізге саймыз бадеп. Психологиялық, биологиялық жағынан сәйкес келудіде есте сақтаған жөн.Ата-анаңнан да қиыншылықтар болады, соны бірігіп көтере білу керек. Үйлену оңай, үй болу қиын деп қазақ атамыз тегін айтқан жоқ. Сондай қиындықтың бірі жоғарыда Қондыбайға түскен ауыртпалық. Осындай жағдайда махаббатқа деген адалдық сезіледі. Ол келіншегінің жазылмайтын дертке ұшырағанын біліп отыр. Біздің байқауымызша, осы ауыртпалықты аяғына дейін көтермекші. Біз соған тілекші екенімізді сездірдік. Алла тағала қолдап, Қондыбайға денсаулық беріп, дімкәс келіншегіне жеңілдік тілейміз. Басқа не айтамыз?!.
Еркін ДӘУЕШҰЛЫ,
зейнеткер.
Астана қаласы.