Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Азаматтық қоғамды нығайту өз қолымызда - АРҚА АЖАРЫ

Азаматтық қоғамды нығайту өз қолымызда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында елдегі қоғамдық-саяси реформалардың жаңа бағытын жариялаған болатын. Оның ішінде азаматтық қоғам институттарының рөлін нығайтуға да басымдық берілгені белгілі. Бүгінде азаматтық қоғам институттарының қалыптасуы мен нығаюына заңнамалық негіздер қаланып, осы мақсатта мемлекеттік бағдарламалар қабылданды.

Демократиялық құқықтық мемлекет болуымыз үшін азаматтық қоғам институтын күшейтудің маңызы зор деп білемін. Президенттің саяси реформаларында бұл туралы нақты айтылған болатын. Мемлекет басшысы үкіметтік емес ұйым мүшелері мен БАҚ өкілдерінің қатысуымен ұлттық жобаларды, стратегиялық маңызды талқылауларды бірге жүзеге асырудың маңызына ерекше тоқталып өткені де қуанышты жайт.  Президент Қазақстан халқына Жолдауында мемлекетіміздің жаңару процесіндегі, азаматтық қоғам қалыптастырудағы бірнеше нақты-нақты қадамдарды атап көрсетуі де жайдан-жай емес.

Азаматтық қоғамды дамытудың басты факторларының бірі – үкіметтік емес ұйымдар екенін баршамыз білеміз. Алайда, бүгінгі күні осындай ұйымдардың санының көптігі емес, сапасының мықтылығы қажет. Сондықтан да, бұл салаға саннан сапаға тұрақты көшу үшін мониторинг пен бақылауды күшейту жұмыстары аса қажет деп санаймын. Бұл ретте, реформаларды жүргізу ісіне қоғамдық ұйымдар мен белсенді азаматтарды барынша тартуға жағдай жасап, олардың белсенділігі мен әлеуетін пайдалану да нәтижесіз қалмайтыны сөзсіз. Аудан, облыс деңгейінде түрлі диалог алаңдары мен кездесулерге де кезек беріліп отырса, оларда да қоғамның өзекті мәселелері қалыс қалмас еді.

Азаматтық қоғам институттарын нығайтып, қолдау барысында мемлекет тарапынан мемлекеттік тапсырыстар, гранттар мен демеушілердің көмегі аса қажет. Себебі, халықтың игілігі үшін атқарылатын істерде ынталандырушы фактор да белгілі бір рөл атқармай қоймайды. Әр елді мекен, аудан мен облыста өз меценаттары бар. Олар да халық игілігі үшін ерен еңбектер атқарып жүр. Мүмкіндігі келгенше меценаттар тарапынан көмек болса (егер жетпей жатса дегенім ғой) оның да артықтығы болмас еді.

Азаматтық қоғам институттары деген түсінікті бүгінгі таңда жастарға да түсіндіріп, ара-жігін ажыратып берсек, жастар жағынан суырылып шығатын азаматтар табылады. Біздің міндет тек – сондай азаматтарды жігер беріп, қолдау. Сонда олар да өз қабілеттерін көрсетіп, ізденіс танытып, ашыла түседі. Бұл ретте, үкіметтік ұйымдардың мүшелері, оларға қолдау білдіретін адамдар, мейлі, кәсіпкерлер, мемлекет қызметкерлері болсын, өз мүддесі үшін емес, ең алдымен қоғам мүддесі үшін еңбек етулері керек.

Гүлнәр ӘЛМАҒАМБЕТОВА,
«Мейірім Зеренді» қоғамдық қорының жетекшісі.

Зеренді ауданы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар