Абай облысының Абай ауданындағы «Абай және Шәкәрім» мемориалдық кешенінде жалпы білім беретін ұйымдардың 8-11 сынып оқушылары арасында XXIV республикалық Абай оқулары өтті.
Абай оқуларының негізгі мақсаты мен міндеттері − қазақ халқының әдеби мұраларын дәріптеу, мектеп оқушыларының классикалық әдебиеттерді оқуға деген қызығушылықтарын арттыру. Абай және Шәкәрім шығармаларындағы эстетикалық талғам мен тұлғалық қасиетті насихаттау, ұлылар поэзиясына, ұлттық рухани мұрасына деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.
ХХІV республикалық Абай оқулары 6 номинация бойынша өтті, оған республиканың түкпір-түкпірінен 131 оқушы қатысты.
Ақмола облысынан қорытынды кезеңге 6 оқушы, облыстық кезеңнің 1 орын иегерлері қатысты.
Іс-шара қорытындысы бойынша І дәрежелі дипломмен: Ахмет Аружан — Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы әл-Фараби атындағы IT лицейінің 10-сынып оқушысы «Ұлылар әлемі» номинациясы бойынша;
ІІ дәрежелі дипломмен: Рахимова Нурай — Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы, Абай атындағы (қазақ тілінде оқытылатын) дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектеп-интернатының 9-сынып оқушысы «Көңілім әнді ұғады» номинациясы бойынша;
ІІІ дәрежелі дипломмен: Сашкақызы Камила — Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы, Абай атындағы (қазақ тілінде оқытылатын) дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектеп-интернатының 9-сынып оқушысы «Өлең — сөздің патшасы, сөз сарасы» номинациясы бойынша марапатталды.
Командалық есепте облысымыз ІІІ — орынға ие болды.