Күрделі мәселелер бірлесіп шешуді қажет етеді

Ақмола облыстық мәслихатының экономика және бюджет мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының кезекті отырысы «сұрақ-жауап» форматында өтті.

Мәслихат төрағасы Бейбіт Жүсіпов пен депутаттардың баяндамашыларға қоятын сұрақтары өте көп болды. Бейнеконференцбайланыс режимінде тақырыпты талқылауға өңірлерден депутаттар, оның ішінде аудандық және қалалық мәслихат төрағалары қосылды.

Мұндай белсенділік отырыста бірнеше мемлекеттік бағдарламалар мен ұлттық жобалар шеңберінде жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарын және елді мекендердің көше-жол желісін салу, оларды жөндеу туралы мәселелер қаралғандығынан туындады.

Осы мәселелердің барлығын жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Владимир Кулаков баяндады. Баяндамада атап өтілгеніндей, ағымдағы жылы жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарын және елді мекендердің көше-жол желісін салуға, жөндеуге шамамен 75,8 миллиард теңге қарастырылған. Бөлінген қаражат аясында жалпы 311 жобаны іске асыру жоспарлануда. Облыстық, аудандық маңызы бар 1000 шақырымнан астам автожолдардың сапасын жақсарту мен көше-жол желісін салу және жөндеу жоспарланған.

Автокөлік құралдарының жол жүруі үшін алым жоспарының орындалуы, әкімшілік практика, әкімшілік бұзушылықтар көрсеткіштері, автомобиль көлігі саласындағы профилактикалық бақылау туралы көліктік бақылау инспекциясы басшысының міндетін атқарушы Ботажан Ахметов айтып берді.

Отырыста орталық деңгейде қолдауды, оның ішінде қолданыстағы заңнамаға өзгерістер енгізу арқылышешудіталап ететін көптеген проблемалық мәселелер айтылды. Тұрақты комиссияның төрағасы Марат Қойшыбаев атап өткеніндей, облыстық мәслихат депутаттары оларды Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттарымен және орталық мемлекеттік органдармен пысықтауға дайын. Ал, бұл үшін басқарма мен инспекция барлық дәлелдер мен ұсыныстарды жазбаша баяндап, оны аталған ведомстволардың қызметі мен бақылау тиімділігін арттыру мәселелері бойынша бірлесіп жұмыс жүргізу үшін облыстық мәслихатқа жолдауы қажет.

Экономика және бюджет мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясөйлегендердің сөздері мен депутаттардың ұсыныстарын назарға ала отырып, отырыс қорытындысы бойынша тиісті қаулы қабылдады.

Қарлыға МҰХАТАЕВА,
Ақмола облыстық мәслихатының баспасөз хатшысы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар