Біздің веб-сайт жұмысты жақсарту және жарнамаларды көрсету үшін cookie файлдарын пайдаланады (бар болса). Біздің веб-сайтта Google AdSense, Google Analytics, Youtube сияқты үшінші тараптардың cookie файлдары болуы мүмкін. Веб-сайтты пайдалану арқылы сіз cookie файлдарын пайдалануға келісесіз. Біз Құпиялылық саясатымызды жаңарттық. Біздің Құпиялылық саясатымызды тексеру үшін түймені басыңыз.

Ақкөл ауданында құны 1,6 млрд теңге тұратын орман қорының жер телімі мемлекетке қайтарылды

Ақмола облысы прокуратурасының мәліметінше, Ақкөл ауданының прокуратурасымен жалпы ауданы 264 га сауықтыру, туристік және спорттық мақсаттар үшін ұзақ мерзімге пайдалануға берілген орман қорының жер телімі мемлекет меншігіне қайтарылды.

Аталмыш жер телімі 2018 жылдан бастап көзделген мақсатта пайдаланбаған, жалдау ақысы төленбеген.

Сонымен қатар, орман өрттері қаупінің жоғары дәрежесіне қарамастан, олардың алдын алу бойынша іс-шаралар жүргізбей, өртке қарсы жоспарлар әзірлемеген.

Жоғарыда аталған мән-жайлар аудан прокуратурасының актісі бойынша уәкілетті органмен сотқа жүгінуге негіз болды.

Ақмола облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының шешімімен ұзақ мерзімді орман пайдалану шарты бұзылып, жалпы құны 1,6 млрд теңге тұратын жер телімі мемлекет меншігіне қайтарылды.

Loading

By Арқа ажары

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар