Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Сандықтауда 4 млрд теңгенің инвестициялық жобалары жүзеге асып жатыр - АРҚА АЖАРЫ

Сандықтауда 4 млрд теңгенің инвестициялық жобалары жүзеге асып жатыр

– Ақмола облысының Сандықтау ауданында жекеменшік капиталдың есебінен жалпы құны 4 млрд теңге болатын 13 инвестициялық жоба жүзеге асып жатыр. Бұл жобалар негізінен ауыл шаруашылығын әртараптандыру, тыңдайтқыш өндіру, сүт және етті бағыттағы мал шаруашылығын дамытуға бағытталған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Сандықтау ауданы әкімі Ербол Жүсіпбековтің мәліметінше, экономикасы дамыған іргелі өңірлердің бірі саналатын Сандықтау ауданында өндіріс жылдан-жылға өсіп, өркендеп келеді.

Негізінен аграрлық өңір саналатын ауданда егіншілікпен бірге мал шаруашылығы да қарқынды дамуда.

«Қазіргі күнге дейін аудан 2 млрд 422 млн теңгенің ауыл шаруашылығы өнімін өндірді. Нақты көлем индексі 101,7 пайызды құрады. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 372 млн теңгеге артық. Аудан аумағындағы ауыл шаруашылығы жерлерінің көлемі 478 мың 335 гектарды құрайды. Оның ішінде егістік жерлер 398 мың 802 гектар болса, 77 мың 214 гектар жайылым және 1 мың 21 гектар шабындық, оған қоса 72 гектар көп жылдық екпе шөп алқабы бар. Ауданда егіншілікпен бірге мал шаруашылығы саласы да жақсы дамып келеді. Биылғы жылдың бірінші тоқсанында 2 мың 368,7 тонна ет, 11 мың 758,8 тонна сүт және 2 млн 112 мың дана жұмыртқа өндірілді», — дейді Ербол Жүсіпбеков.

Қазіргі күні негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 5 млрд 293 млн теңгені құрады. Нақты индекс көлемі — 122,5 пайыз.

Алдағы уақытта жекеменшік капиталдың есебінен жалпы құны 4 млрд теңге болатын 13 инвестициялық жоба жүзеге асырылмақ.

Бұның өзі қосымша 85 жұмыс орнын ашуға мүмкіндік жасайды.

«Осы инвестициялық жобалардың ішінде құны 1 млрд теңге болатын «Свободное» серіктестігінің «Егіншілікті қолдан суғару арқылы әртараптандыру» жобасы биылғы жылдың қыркүйек айында іске қосылмақ. «Агро Шанс» серіктестігінің «Ауыл шаруашылығы мақсатындағы өндірістік базаны салу» жобасы биылғы жылдың қазан айында іске қосылады деп жоспарланған. Бұл жобаның құны 300 млн теңге. Ал, «Байдалы 2» серіктестігінің «Тауарлы сүт фермасын 300 басқа дейін ұлғайту» және «2 астық қоймасын салу» жобалары да қазан айында іске қосылады. Бұған қоса, осы серіктестікте «сұйық тыңайтқыш өндіретін цех құрылысын салу» жобасын қыркүйек айында іске қосу көзделген», — деп қосты Ербол Жүсіпбеков. Аудан әкімі атап өткендей, сонымен бірге, «Максимовское» ЖШС-інің «Сұйық тыңайтқыш дайындау цехы құрылысы» жобасы, «Спасское» ЖШС-інің «Ет фермасын 300 басқа дейін ұлғайту» жобасы, «Агро Лайк» серіктестігінің «Тұқым желісі» жобасы, «Бастау Агро С» серіктестігінің «Ет фермасын 900 басқа дейін ұлғайту» жобалары да биылғы жылдың соңына дейін жүзеге асырылмақшы.

Айта кетсек, бұдан бұрын Атбасарда бірқатар инвестжоба іске асырылып жатқанын жазған едік.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар