Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Жақсы ауданында прокуратура шараларымен мемлекетке жер учаскесі қайтарылды - АРҚА АЖАРЫ

Жақсы ауданында прокуратура шараларымен мемлекетке жер учаскесі қайтарылды

Жақсы ауданының прокуратурасы жер заңнамасының сақталуына талдау жүргізіп, жергілікті фермерлердің ауыл шаруашылығы алқаптарын пайдаланбау фактілерін анықтады.

Талдау нәтижелері бойынша аудан әкімдігіне Ақмола облысы бойынша жер ресурстарын басқару департаментіне заң бұзушылықтарды жою туралы ұсыныстар енгізілді.

Прокуратура актілері бойынша уәкілетті және жергілікті атқарушы органдар қажетті шараларды қабылдады және ағымдағы жылы мемлекетке ауданы 8 мың га, кадастрлық құны 58 млн.теңгеден асатын жайылым қайтарылды, ол ұзақ уақыт бойы тікелей нысаналы мақсаты бойынша пайдаланылмады.

Пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы алқаптарын алып қою жұмыстары жалғасуда. Аудан прокуратурасының шаралары бойынша уәкілетті орган 4 жер пайдаланушыға жалпы ауданы 5861 га жер учаскелеріне бұзушылықтарды жою туралы нұсқама табыс етті.  Жер пайдаланушылар бұзушылықтарды жоймаған жағдайда, учаскелер мәжбүрлеп алып қойылады.

Ақмола облысының прокуратурасы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар