Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Үй жануарларын есепке алу жүргізіліп, чип салынады - АРҚА АЖАРЫ

Үй жануарларын есепке алу жүргізіліп, чип салынады

Өңірлік  коммуникациялар  қызметінде өткен брифингте облыстық ветеринария басқармасы басшысының орынбасары Ибрагим Балтабай үй жануарларын чиптеу жөнінде баяндады.

«Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы» Заңның 11-бабына сәйкес, үй жануарларын есепке алу ағымдағы жылдың 1 қыркүйегінен бастап міндетті түрде жүргізілуі тиіс. Сондықтан, барлық үй жануарларын чиптеу қажет. Жеке және заңды тұлғаларға меншік құқығында немесе өзге де заттай құқықтарда, оның ішінде жануарларға арналған баспаналарда, уақытша ұстау пункттерінде, оңалту орталықтарында, зоологиялық питомниктерге тиесілі үй жануарлары міндетті есепке алынуға жатады.

−Үй жануарларын есепке алуды облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары құрған мемлекеттік ветеринариялық ұйымдар жүзеге асырады. Сондай-ақ, ветеринария саласында емдеу-профилактикалық кәсіпкерлік қызметті жүргізетін жеке немесе мемлекеттік емес заңды тұлғалар да тіркей алады, − деді Ибрагим Балтабай.

Үй жануарларын есепке алу арнайы бұйымдар чиптерді пайдалана отырып, ақылы негізде жүргізіледі. Мемлекеттік және жеке ветеринарлық ұйымдар тоқсан сайын, айдың 20-нан кешіктірмей, есепке алынған үй жануарлары туралы ақпарат беруі тиіс. Есепке алу бұйымдарын орнатуды тіркеуші бірнеше тәсілмен жүзеге асыра алады. Үй жануарларының асқазан-ішек жолына болюсті енгізу, чиптерді тері астына енгізу, білезіктер немесе жағалар, электронды белгілер және құлақтарындағы сырғалар мен татуировкалар арқылы енгізу жолдары  қарастырылған.

−Көкшетау қаласында чиптеу «құтқару мүмкіндігі» орталығында жүргізіледі. Аталмыш қызметтің құны 2 мың теңге. Алайда, жеткізушілерден чипті 600-650 теңгеге сатып алуға болады. Бұл жеке меншік иелері, сондықтан, оларға әсер ете алмаймыз.

Біздің венстанциялар қалалар мен аудандарда чиптермен айналысады. Бірақ олар да әзірше өз шығындарын  жүргізуде, прейскурант та әзірленуде, – деді облыстық ветеринария басқармасының басшысының орынбасары.

Қазір көптеген жеке клиникалар бұл мәселемен айналысуда. Облыс бойынша барлық клиникалар мен ветстанциялардың мекенжайлары мен телефон нөмірлері жиналып, ақпарат сайтта, сондай-ақ, БАҚ-та жарияланады. Айта кету керек, чиптеу науқанын орындамағаны үшін жануарлар иелеріне айыппұл салынады. Оның сомасы 34 мың теңгені құрайды. Дегенмен де, мұндай адамдар мақсатты түрде анықталмайды.

− Егер де біреу мәселен, жануарға анықтама алса, онда мұндай иелер тіркеледі. Рейдтер болмайды. Айта кету керек, иелері халықтың әлеуметтік осал топтарына жататын үй жануарларын есепке алу бюджет қаражаты есебінен жүргізіледі, –  деп түйіндеді өз сөзін спикер.

Ілияс ӘУБӘКІРОВ,
          «Арқа ажарының» өз тілшісі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар