Ақмола облыстық онкологиялық емханасының ғимаратында «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі»мемлекеттік мекемесінің қалалық бөлімшелері біріншіқабаттағы аппараттық кабинетте шартты өртті сөндіру бойынша өрт-тактикалық оқу-жаттығуларын өткізді.Бұл нысан адамдардың жаппай жиналатынорны болып табылады.
Оқу-жаттығудың мақсаты Көкшетау қаласының азаматтық қорғау гарнизоны жеке құрамының адамдар көп жиналатын нысандардағы өрттерді сөндіру кезіндегі дағдыларын жетілдіру, қаланың шұғыл қызметтерімен, сондай-ақ, онкологиялық емхананың қызметтерімен және қызметкерлерімен өзара іс-қимылды пысықтау болып табылады.
Оқу-жаттығудың мақсаты бойынша шартты өрт емхананың біріншіқабатында орналасқан аппараттық кабинеттің электр сымдарының қысқа тұйықталуынан туындады. Осыдан кейін өрт дабылының түтін қозғалтқыштары іске қосылды. «101» телефоны бойынша шұғыл хабар алғаннан кейін өрт туралы хабарлама жіберілді. Шартты өрт орнына №3 шығу рангісі бойынша Көкшетау қаласы өрт сөндіруші-құтқарушыларының жауынгерлік есебі, жедел медициналық көмек каретасы мен полиция басқармасының қызметкерлері жіберілді. Медицина қызметкерлері пациенттер мен қызметкерлерді көшеге баспалдақпен эвакуациялады. Жанудың салдарынан едендер мен баспалдақтарда қатты түтін пайда болды.
Жергілікті жерде жедел штаб және өртті сөндіру бойынша төрт учаске құрылды. Газ-түтіннен қорғау қызметінің төрт буыны ықтимал зардап шеккендерді, сондай-ақ, аппараттық кабинетті сөндіруге 2 «Б» оқпанын беріп, жәбірленушілерді іздестіру бойынша жұмыстар жүргізді.
Шартты өртті сөндіру барысында өрт сөндіру қызметінің жеке құрамы 2 адамды құтқарып, жедел медициналық жәрдем каретасына тапсырды.Шартты өртті жоюға барлығыжеке құрамнан 7 техника мен 41 адам, сондай-ақ, 1 медициналық «жеделжәрдем»каретасы жұмылдырылды. Олар адамдар көп жиналатын нысандардағы өртпен күресте өздерінің кәсіби дағдыларын шеберлікпен көрсете білді. Сөйтіп, шартты өртке қарсы өрт-тактикалық оқу-жаттығуы жоғары деңгейде өтті.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.