«Бастау Бизнес» бағдарламасы көмекке келді

Өңірімізде «Бастау Бизнес» бағдарламасы арқылы істің көзін тауып өз бизнесін ашып жатқандар баршылық.

Солардың бірі Егіндікөл ауданының тұрғыны Гаухар Құсайынова мемлекеттік грантқа ие болып кәсібінен нәсіп тауып отыр. Кәсіпкерлік негіздері бойынша білім алған ауыл тұрғыны Гауһар   Ақылбекқызы 2020 жылдан өз ісін одан әрі жандандыруға мүмкіндік алған.

– Ағылшын тілі мамандығы бойынша білім алып, мұғалім болып бала тәрбиесімен айналыстым. Кейде репетитор болып таныс адамдардың балаларына білгенімді үйрететінмін. Сөйтіп, «Бастау Бизнес» жобасы бойынша оқуға жазылуды жөн деп шештім. Кәсіпкерлікті бастау үшін алғашқы базалық білім алып, өзімнің жеке бизнес жоспарымды жасадым. Комиссия менің жобамды қарастыра келе, грант алуға мүмкіндік берді, – деген Гауһар Құсайынова, көпбалалы, тұрмысы төмен отбасылардың балаларына сабақты тегін өткізетінін де жеткізді. Өз жобасын сәтті қорғап шыққан Гауһар алған қаражатқа қажетті құрал-жабдықтарын сатып алған. Жеке кәсіпкер болып тіркелуіне де аудандық кәсіпкерлер филиалының кеңесшілері көмегін берген. Олар жобаны одан әрі жүргізуге де толығымен қолдау көрсетуде.

Бүгінде отбасын құрып, екі ұл тәрбиелеп отырған ол өзінің еңбекқорлығымен ел ықыласына бөленуде. «Жас келсе, іске» дегендей, Гауһар Ақылбекқызының қадамына сәттілік тілейміз.

Асылай ҚАДЫРҚЫЗЫ.

Егіндікөл ауданы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар