Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Бар мәселе ауыз судың тоқтап қалуында болып тұр - АРҚА АЖАРЫ

Бар мәселе ауыз судың тоқтап қалуында болып тұр

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Юлия Кучинская жұмыс сапарымен Ақмола облысында жүр. Кеше ол Егіндікөл ауданының орталығында болды. Депутат алты айдан бері ауыл тұрғындарының басты проблемасына айналған ауыз су тапшылығы туралы аудандық мәслихаттағы «AMANAT» фракциясының депутаттарымен, аудан басшыларымен кездесіп, жұмыс жоспарын талқылады.

Қорғалжын ауданының аумағы арқылы өтетін су құбырының жиі бұзылуына байланысты 3 сәуірден бастап Қоржынкөл және Бауман ауылдарына ауыз су толық бармайды. Ал, биыл 2 маусымда Егіндікөл ауданының аумағында жергілікті ауқымдағы техногендік сипаттағы төтенше жағдай жарияланған болатын.

–Нұра топтық су құбыры 14 564 тұрғыны бар 24 елді мекенді сумен қамтамасыз етеді. Су құбырларының 90 пайызының тозығы жеткен. Тіпті, басқа да жерлерде су жиі тоқтап қалады. Жыл басынан бері су құбырында 79 апат тіркеліп, жекелеген учаскелерде су шығыны 70-80 пайызға жетті. Елді мекендерді ауыз сумен қамтамасыз ету үшін магистральдық желілердің зақымдалған учаскелерін толық ауыстырып, магистральдық су құбырын жаңалау қажет, – деп атап көрсетті кездесуде Егіндікөл ауданының әкімі Ерлан Мұхамедин. 

Юлия Кучинская су шығару үшін қазылған құдықтарды көріп шықты. Тұщы су шығару мақсатымен қазылған құдықтардан әлі де таза су болмай тұр.  Бүгінгі күні Егіндікөл ауданы әкімдігі халыққа, оның ішінде әлеуметтік нысандарға, су бағаналары жоқ екі қабатты ғимараттарға суды тасымалдап жеткізіп беріп жатыр. –Бұл мәселе Парламент Мәжілісінің және партияның  назарында. Бұған қоса,  алдағы депутаттық жұмысымда осы өткір мәселені тағы да көтеріп, шешу жолын қарастыратын боламыз, – деген Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Юлия Кучинскаяның сөзі кездесуге қатысушылардың ой-үмітімен сәйкес шықты.

Динара ДҮЙСЕН,
«AMANAT» партиясы Ақмола облыстық
филиалының
 баспасөз хатшысы.  

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар