Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Кәсіпкерлердің  мүддесі де ескерілуі керек - АРҚА АЖАРЫ

Кәсіпкерлердің  мүддесі де ескерілуі керек

Өңірлік кәсіпкерлер палатасына жер пайдалану шарттарын жарамсыз деп тану туралы бизнес субъектілерінен өтініштер келіп түседі. Өтініштер саны бойынша Көкшетау қаласы, Ақкөл, Целиноград аудандары, сондай-ақ, Біржан сал ауданы көш бастап тұр. Мұндай фактілер Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңестің отырысында келтірілді.

Мемлекеттік органдардың әрекеттеріне шағымдану тағы да жиілеп кетті. Облыстық жер ресурстарын басқару департаменті мемлекеттік қызметшілер жер пайдалану құқығын беру кезінде жіберген рәсімдік бұзушылықтар бойынша талап-арыздарға бастамашылық жасайды, бұл ретте, шенеуніктердің қателіктері үшін ауыл шаруашылығы өндірушілеріне ақы төлеуге тура келетінін назарға алмайды. Егер бұрын Жер кодексінің 48-бабын бұза отырып, жер пайдалану шарттарын тану бойынша талап-арыздар түскен болса, қазір өз уақытында конкурстарға қатысып, мәлімделген лоттарда жеңімпаз атанған, сатып алу шарттары бойынша Жер сатып алған кәсіпкерлерден өтініштер келіп түсуде. Бұл – бірнеше жылдар бойы өз бизнесін құрған адал пайдаланушылар. Көбінде мал саны 500 бастан асады, ол мал өз қаражатына немесе мемлекеттік бағдарламалар арқылы сатып алынды, ауыл шаруашылығы техникасы, жабдықтар лизингке алынды, мал шаруашылығы базалары мен тауарлы-сүт фермалары салынды, жұмыс орындары құрылды, – дейді Кеңес төрағасы Валентина Геращенко.

Мысалы, жақында Целиноград ауданының «Аdal meat company» ЖШС-мен сот процесі аяқталды. Кәсіпкер конкурсты 2020 жылдың наурыз айында жер учаскесін пайдалануға жалдау шартын жасасу арқылы жеңіп алды, бірақ, мал шаруашылығы фермасының құрылысы аяқталғаннан кейін кенеттен жерді пайдалану шартын жарамсыз деп тану туралы талап туындады. Бұрын ол ешқандай бұзушылықтар таппаған екі тексеруден кейін берілген. Прокуратура, сот және апелляциялық сатылар шартты жарамсыз деп тану туралы талапты қанағаттандырып, кәсіпкердің жер алу құқығын соттан тыс қалпына келтіруге мүмкіндігі бар екенін атап өтті. Бұл ретте, мемлекеттік органның барлық рәсімдік бұзушылықтарын Фемида және басқа органдар назардан тыс қалдырды.

Мұндай фактілер жеткілікті. Осындай жағдай мысалы, Ақкөл ауданының «Бекқожа» ШҚ-ында да орын алды. Бірінші сатыдағы сот жайылымдары жетіспейтін тұрғындар тобының өтініші бойынша дәл осылай әрекет еткен облыстық жер ресурстарын басқару департаментінің талабын қанағаттандырды. Департамент өкілінің айтуынша, мәселе жайылымдардың жетіспеушілігінде жатыр.

Жайылым тапшылығы – жаһандық мәселе. Бізге осы мәселе бойынша ауылдық елді мекендердің тұрғындарынан шағымдар келіп түседі. Сонымен қатар, прокуратура жер учаскелерін бөлудің заңсыздығына қатысты ұсыныстар шығарады, тексерулер жүргізіліп, оның қорытындысы бойынша бұзушылықтар анықталады, соттар да өз шешімдерін шығарады, бір сөзбен айтқанда, болып жатқан жағдайға құқықтық баға беріледі, – деді Ақмола облысының жер ресурстарын басқару департаменті бөлімінің басшысы Рүстем Қалиев.

Біз жайылымның шынымен жетіспейтініне келісеміз. Бірақ, неге жылдар бойы құрған кәсіпкердің бизнесіне нұқсан келуі керек? – дейді Валентина Геращенко.

Фермерлердің құқықтық жағынан жеткіліксіз қорғалуы байқалады.  Мемлекет, мысалы, азық-түлік белдеуі сияқты тиісті бағдарламаларды әзірлейді. Ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілер өңірдің экономикасын дамытуға өз үлестерін қосуға дайын, өз қаражаттарын, күш-жігерін жерді нысаналы мақсатына қарай пайдалана отырып жұмсайды. Сонымен қатар, департамент өз функцияларын орындай отырып, бұған араласуына тура келеді. Өкінішке орай, бүгінде бұл мәселеде сенімділік жоқ, – деп атап өтті кеңесте өңірдегі танымал адвокат Жамал Жапарова.

Кеңес мүшелері индикаторларды анықтау бойынша ұсыныстармен шығуға ниетті. Атап айтқанда, кәсіпкерлік субъектілері материалдық активтер салған жер учаскелеріне, бағдарламаларға қатысып, оларды толық және ішінара игеруіне, бір сөзбен айтқанда, ауыл шаруашылығы жұмыстарын жүргізуге ерекше назар аударған жөн.

Ақмола облысы кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар