Тозығы жеткен құбырлар жарыла береді

Жуырда Степногорск қаласында магистральді су құбырындағы апатқа байланысты жергілікті деңгейдегі төтенше жағдай жарияланды.

Екі күн ішінде жүйеде 50-ден астам апат тіркелген. Осының салдарынан қаланың 4-інші ықшам ауданында бірнеше көпқабатты тұрғын үй сусыз қалған. Сондықтан, тұрғындар үшін ауыз су арнайы көлікпен тасымалдануды.

Коммуналдық қызмет өкілдері уақытша қалаға су беруді толық тоқтатуды да ойлаған. Бірақ, кейін бұл райларынан қайтып, апат орнында екі бригада мен бес техника жұмыс істеуде. Құбырдағы апат қалпына келтірілгенімен, мамандардың айтуынша, қалалық магистральді су желілерінің 90 пайызға жуығы тозған.  Мәселе оларды біртіндеп жақсартуға тіреліп тұр.

«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Степногорск қаласы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар