Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Қылмыстық істі жүргізуде мемлекеттік тілдің алатын орны - АРҚА АЖАРЫ

Қылмыстық істі жүргізуде мемлекеттік тілдің алатын орны

Қылмыстық іс жүргізу қағидасы – бұл заңда көрсетілген қылмыстық іс жүргізудің елеулі жақтарын көрсететін, қылмыстық сот ісін жүргізуде азаматтардың құқықтарын, кепілдендіретін сот ісін жүргізу тілінің қағидатын қолдану еркіндігін ескеретін ереже болып табылады. Сот процесіне қатысушы адамдардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауды қамтамасыз ету осы кепілдік арқылы да іске асырылады. Мемлекет Қазақстан халқының тілдерін үйрену мен дамыту үшін жағдай туғызуды өз назарында ұстап келеді.

Мемлекеттік тілдің қылмыстық, әкімшілік, азаматтық іс жүргізу кезінде қолданылу аясын кеңейту және сапасын жақсарту басқа ұлттардың құқығын бұзбайды. Қылмыстық істер Кодексінің тиісті баптарына сәйкес, қылмыстық процесті жүргізетін орган күдіктіге, айыпталушыға олардың құқықтарын түсіндіруге және олардың күдіктен, айыптаудан заңда тыйым салынбаған барлық құралдармен қорғану мүмкіндігін қамтамасыз етуге, сондай-ақ, олардың жеке басының құқықтары мен мүліктік құқықтарын қорғауға, шаралар қолдануға міндетті. Айыпталушының, сотталушының өзін-өзі қорғауы үшін ең қажетті жағдай, ол өзінің жетік білетін тілінде өз ойын,  көрген, білгенін тергеушіге, сотқа түсіндіріп беруі болып табылады.

ҚР ҚПК-інің 30-бабына сәйкес Қазақстанда қылмыстық сот ісі мемлекеттік тілде жүргізіледі, сот ісін жүргізуде мемлекеттік тілмен қатар ресми орыс тілі, ал, қажет болған кезде басқа тілдер де қолданылады. Қылмыстық процесті жүргізетін орган істі жүргізуде орыс тілін немесе басқа тілдерді де қолданады. Қылмыстық процесті жүргізетін орган істі орыс тілінде немесе басқа тілдерде жүргізу қажет болған кезде сот ісін жүргізу тілін өзгерту туралы уәжді қаулы шығарады. Заң талабы бойынша кез-келген қылмыстық іс қазақ тілінде басталуы керек, ал істі орыс тілінде қозғап, кейін қазақ тіліне ауыстыру заңға қайшы болып табылады.

Сонымен қатар, күдікті, айыпталушы, сотталушы орыс тілін түсінуі, аздап сөйлеуі мүмкін, бірақ, жетік білмейді делік, соған қарамастан, іс орысша жүргізіледі, ал, аталған баптың 3-тармағында көрсетілгеніндей, іс бойынша іс жүргізілетін тілді білмейтін немесе жеткілікті түрде білмейтін іске қатысатын адамдарға ана тілінде сөйлеу, түсініктемелер, айғақтар беру құқығы беріледі. Соттар мен тергеп-тексеру органы тарапынан қылмыстық істер бойынша сот өндірісі тілі, қағидалары бұзылған жағдайда, судья ҚР ҚПК-інің заңдылықтарына сәйкес аталған заңсыздықтарды жою үшін істі прокурорға кері қайтарады. Сондықтан, сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бақылаушы орган ретінде прокуратура тарапынан тіл мәселесі бақылауда болуы тиіс. Қылмыстық іс жүргізу тіліндегі заңдылықты сақтау қылмыстық процестің негізгі қағидатына жатады.

Қоғамда қазақ тіліне байланысты тиісті талап болмайынша, бұл мәселеде түбегейлі өзгеріс күту күрделі. Тілге деген құрмет – халыққа деген құрмет. Демек, әрбір қазақстандық мемлекеттік тілді құрмет тұтып, білуі тиіс. Ана тіліміздің мәртебесін тек тұрмыста емес, заң салаларында да биіктетуіміз керек.

Айбосын АХМЕТЖАНОВ,
Ақмола облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған
ауданаралық соты кеңсесінің сот приставы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар