Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Аты дардай болғанымен, қадірі кетіп бара жатқан марапат - АРҚА АЖАРЫ

Аты дардай болғанымен, қадірі кетіп бара жатқан марапат

Осыдан үш жыл бұрын бірнеше облыстық газеттерге тойларда жабылып жүрген шапан жөнінде оқырмандардың өз пікірлерін білдіруді, пікірталас ретінде газет беттеріне жазуларын сұрап, мақала жазған едім. Дегенмен, оқырман тарапынан ондай белсенділікті көре алмадым. Менің жазғанымды оқыған таныстарым өте дұрыс, орынды жазыпсыз деп ойларын білдіріп жатты. Кейбіреулерінің енді ешкімге де шапан сыйламаспыз дегендері де болды. Әр нәрсенің өзінің уақытына, заманына қарай қадірі болады емес пе? Біздің ата-бабаларымыз қысы-жазы көбіне ат үстінде жүргендіктен, ұзын шапан салқын желден тізені жауып отыруға ыңғайлы болған. Ол кездері қазіргідей жеңіл көлік те жоқ.

Менің бір таң қалатыным, осы шапандарды айыр қалпағымен қоса, кім болса соған мерейтойларда, туған күндерде, зейнетке шыққанда, біреулер бір жетістікке жеткенде мақтауларына қоса иығына жабу әдетке айналып барады. Бірақ, сол шапандарды ешқайсысы қадірлеп киіп жүргенін көрмейміз. Айыр қалпақты бас киімдерді сұлтандар мен хандар киген болуы керек. Қарапайым халық кимеген шығар деп ойлаймын.

Ертеректе сыйлы қонақтарға ат мінгізіп, шапан жапса, қазір темір тұлпар мінгізіп жатады. Бұл да кім білсін, дұрыс шығар. Бір жыл бұрынырақ  Бауыржан Ибрагимов 3-4 айдай  ғана теледидарда «Қаламаймын» деген бағдарлама жүргізген еді. Онда екі жасты үйлендіру мәселесіне екі жақтың құда-құдағилары дастархан басына отырып, кейбір ұнамайтын жәйттер, салт-дәстүрлер, мысалы, қалың мал, тойға қонақты шектеу, тағы сол сияқты ойларын ортаға салып, ақылдасқандай болған. Дегенмен де, құдалар ақыр аяғында бір-бірлеріне шапан жауып, жүргізуші Бауыржанға да шапан жауып  жатты. Сонда мен осы шапандар жайлы да мәселе қозғайтын шығар деп ойлап едім. Бірақ, ол жөнінде сөз қозғалмады. Шамасы, 1970 жылдар болу керек, бір басылымнан оқығанымды айтсам, орысша бір мақалада адам баласы еш нәрсеге қанағаттанып қалмауы керек, үнемі даму үшін ізденісте болуы шарт деп жазылыпты. Оған модадан қалып бара жатқан киімдерден бастап, өнеркәсіп,  техника салалары бойынша бірнеше мысалдар келтірілген.  Егер біз ата-баба салты-дәстүрі деп бір орында отыра берсек, еш уақытта да алға жылжи алмайтынымыз анық. Осы күндері сол шапандарды «Жігіттер» тобының қазақы нақышта тігілген қысқа кәстөмшелерімен ауыстырса, дұрыс болар еді деген ойдамын. Бұл дүниелер сауда орындарында қол жетімді бағаға сатылса, көпшілігіміз барлық жерде де киіп жүрер едік. Бірақ, көршілес қырғыздар тігіп бермесе, біздің қазақ өзі біліп, оны да тіге қоймайды деген тағы бір күмән бар.

Жақында менің жақсы араласып жүрген Темір деген ініміздің 70 жасқа келген мерейтойында болғанмын. Асаба Темір мен жұбайы Қарлығаштың қысқаша өмір жолдарын таныстырып өтті. Ол кездері жоғары оқу орындарын бітірген жас мамандарды жолдамамен жаңа ашылып жатқан құрылысқа, басқа да сол  сияқты орындарға жіберетін. Ініміз алғашқы кездердегі бастан өткен небір қиыншылықтарды жеңіп, елден-елге көшіп, бір-бірлерін қолдай жүріп, өзінің ұнатқан мамандығын тастамай, элеваторда 45 жыл бойы тапжылмастан бір орында жұмысын абыроймен атқарып, бірталай табыстарға қол жеткізген адам ретінде талай мақтау-марапат, сыйлықтармен қоса, аты Қазақстанның Алтын кітабына жазылып, «Ақкөл ауданының құрметті азаматы» атағына ие болған. Осындай адамдарымыздың өмір жолдары жастарға да үлгі болатындай. Тойға жиналған бірге оқыған сыныптастар, студенттер қауымы, жора-жолдастар, ағайын-туғандар, құда-жекжат дегендей, барлығы үш жүзге тарта адам болдық. Қонақтар тойға бос келмесі белгісі. Көбі ақшадан бөлек, иығына шапандарын жауып жатты. Құрдастары «сандығың шапанға толатын болды» деп әзілдеп те қояды.

Тойдың соңына қарай келіндер үстелде отырған үлкен кісілерге қомақтылау пакет таратты. Тағы да шапан таратқан екен деп ойладым. Үйге келген соң қарасам, өзім ұнатып жүрген, қазақы нақышта тігілген кәстөмше екен. Тек соларды тойханада көпшілікке көрсетіп таратқанда дұрыс болатын еді.

Осы кездері көпшілік сауда орындарында ара-тұра болсын, осындай қазақы нақышта тігілген жеңі бар да, жеңі жоқ та кәстөмшелер сатыла бастапты. Мүмкін бұған менің, мен сияқтылардың көптен бері жазып, реті келген жерлерде айтып жүргендеріміз әсер етті ме, әлде бір сәйкестік пе? Қалай болғанда да дұрыс шешім. Қазір сол кәстөмшені бір жерге қонаққа барғанда да киіп жүрмін…

Роман САХИҰЛЫ,
зейнеткер.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар