Давид Дегтярев тағы ерледі, ол – екі дүркін әлем чемпионы!

Біріккен Араб Әмірліктерінің Дубай қаласында өтіп жатқан парапауэрлифтингтен әлем чемпионатында жерлесіміз, 2021 жылы Токиода өткен Паралимпиада ойындарының чемпионы Давид Дегтярев алтын медальға ие болды. 

Дубай қаласында өтіп жатқан доданың жарыс алаңына 80 мемлекеттен 600 спорт майталманы шыққан екен. Қазақстанның еңбек сіңірген спорт шебері Давид Дегтярев ұлттық құрама сапында 54 келі салмақ дәрежесінде тірек-қимыл аппараты бұзылған спортшылар арасында жарысқа түсіп, әлем чемпионатының жеңімпазы атанды. Бапкері, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы Юрий Колесниковтың айтуынша, Давид Дегтярев салмағы 180 келі штанганы көтеріп, екінші рет әлем чемпионы атағына ие болып отыр.

Жалпы, Давид парапауэрлифтингпен 2016 жылы айналыса бастаған.  Сол жылы ол  Көкшетау қаласында өткен «Үміт» облыстық спартакиадасына алғаш рет қатысқан. 2018 жылы ІІІ Азия пара ойындарында додаға түсіп, екінші орынға ие болады. Кейін араға үш жыл салып, Тбилисиде 185 келі штанганы көтеріп, Азия рекордын жаңартып, әлем кубогын жеңіп алған. Осы жеңісінен кейін Дегтярев кезекті Паралимпиада ойындары алдында әлемдік рейтингтің көшін бастады.

Ырысалды ШАМШИЕВА.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар