Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Тұншықтырғыш газ – адам өмірі үшін өте қауіпті - АРҚА АЖАРЫ

Тұншықтырғыш газ – адам өмірі үшін өте қауіпті

Газбен улану адамның қазасына әкеліп соғатындықтан, ол адам өмірі үшін қауіпті жағдайлардың бірі болып табылады. Бұндай жағдай жылу көзі – пеш ақауының, қозғалтқышы қосылған жабық автомобиль ішінде, адамдардың өрт ошағында болуы салдарынан орын алады.

Тұншықтырғыш газдың иісі жоқ, тұншықтырғыш газбен улану білінбеуі мүмкін, ол барлық от жағылатын жерлерде жиналады. Тұншықтырғыш газбен дем алғанда адамдар бас ауыруын және тұншығу сезімін сезінеді. Газдың тарауы жоғарылаған сайын әлсіреп және естен танып, шамамен 30 минуттан кейін қаза болады. Тұншықтырғыш газдың пайда болуының негізгі себебі – от жағылған жерде оттегінің жетіспеуі.

Адамға тұнышықтырғыш газдың әсер ету механизмі, ол қанға кіргеннен соң, гемоглобин талшықтарын шырмаудан тұрады. Нәтижесінде гемоглобин оттегін өткізу қабілетінен айырылады. Адам неғұрлым тұншықтырғыш газбен дем алса, соғұрлым оның қанындағы гемоглобиннің жұмыс істеу қабілеті азаяды және ағза барған сайын оттегін аз алады. Сөйтіп, адам тұншыға, басы ауырып, есінен жаңыла бастайды. Егер мезгілімен таза ауаға шықпаса немесе есінен танған адамды таза ауаға шығармаса, қаза болуы мүмкін.

Тұншықтырғыш газбен уланудың белгілері: бұлшық еттің әлсізденуі, бас айналуы, жүрек айнуы, құлағындағы шуыл. Дем алысы тоқтағаннан кейін жүрек біраз уақыт жұмыс істеуі мүмкін. Пайдаланылған газдарды ең көп шығаратын көздер – бұл газ немесе май арқылы жанатын, ағашпен жағатын пештер, газ құралдары, су жылытқыштар және қозғалтқыштар. Пештегі жарықшақтар, түтін шығатын құбырлардың бітеліп қалуы тұншықтыратын газдың тұрғын үй ішіне тарауына әкеліп соғады. Пешке таза ауаның дұрыс келмеуі тұншықтырғыш газдың жиналуына әсер етуі мүмкін. Зардап шеккен адамды үйден шығару кезінде, онда қауіпті тұншықтырғыш газ қосылымы барын есіңізде сақтаңыз, одан уланып қалмау үшін ең алдымен, өзіңізге сақтық шарасы керек. Ол үшін зардап шеккендерді далаға шығаруда тез әрекет жасау және қол орамал немесе дәке арқылы дем алу қажет.

Р.МОЛДАҒҰЛОВ,
Көкшетау қалалық төтенше жағдайлар жөніндегі басқармасының аға инженері,
азаматтық қорғаныс лейтенанты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар