Адал еңбек адамды абыройға кенелтеді

«Адамды адам еткен – еңбек» дегендей, бүгінгі қоғам кешегі еселі еңбек еткен тұлғалардың арқасында даму үстінде. Бүгінгі күнде адам көздеген мақсатынатек еңбек арқылыжетуде. Сондықтан, қай қоғамда да еңбек еткеннің еңсесі биік. Міне, өткен ғасыр мен осы ғасыр еншісінде еңбек көрігін қыздырып, содан бақты тапқан жандардың қатарында Новочеркаск ауылының тұрғыны Шакрат Айтыбайұлы Омралинов та бар.

Шакрат Айтыбайұлы 1957 жылы осы ауылда қарапайым отбасында дүниеге келеді. Әр бала үшін асқар тау әкенің ақылы мен анасының аялы алақанына жетер еш нәрсе жоқ. Ата-анаңның қасыңда жүргеніңнің өзі бір бақыт. Бірақ, Шакрат ағамыз анасынан ерте айырылады. Тағдырдың тауқыметі иығына түссе де Айтыбай әке мойымай, балаларын өсіріп, жеткізеді.

10 сыныптық мектепті аяқтап, Целиноград транспорттық-құрылыс техникумына оқуға түсіп, техник-құрылысшы мамандығын алған. Техникумды бітірген соң, жолдамамен«Алматытрансстрой» мекемесінің «Жарық» станциясында техник-құрылысшы болып еңбек жолын бастады. Әскери борышын өтеп келгеннен кейін ауданның комсомол комитетінің нұсқаушысы қызметіне ауысады.

Оның бойында үлгі тұтарлық қасиеттер көп болатын. Сондықтан, болар, әу бастан кәсібіне адалдық танытып, өз ісіне үлкен жауапкершілікпен қараған Шакрат ағаның жұмысқа деген құлшынысын «Путь к Коммунизму» совхозының сол кездегі басшысы да байқап, құрылыс учаскесінің шебері қызметіне орналастырады. Осылайша осы қызметінен құрылыс учаскесінің бастығы, шаруашылық кәсіподақ ұйымының төрағасы және соңғы 20 жыл қатарынан «Путь к Коммунизму» совхозының, кейін «Федоренко и К» ЖШС-ның директорының орынбасары қызметін абыроймен атқарады.

Сонда мүмкіндігінше елдің жағдайын жасап, шаруашылық мүлкін ыдыратпай, ортақ жұмыстың өрге басуын үнемі назарында ұстапты. Ал, жекешелендіру науқаны басталған тұста заман ағымын жедел түсініп, барлығы өз орнында қалуына өз септігін тигізді.2021 жылға дейін абыроймен қызмет етіп, зейнеткерлікке шықты. Қазір зейнеткер болғанымен, Новочеркаск ауылдық округінің қоғамдық өміріне белсене араласады. Ерен еңбегі ескеріліп, бірнеше медальдармен марапатталды, екінші шақырылған аудандық кеңес депутаты болып сайланды.Зайыбы Бақыт екеуі екі бала тәрбиелеп, 7 немере сүйіп отырған жайлары бар.Иә, адал еңбек адам баласын қашанда абыройға кенелтеді. Осы тұста ұлы Абайдың «Өзіңе сен өзіңді алып шығар, еңбегің мен ақылың екі жақтап» деген сөзі еріксіз ойға оралады.

Мұхамет ТІЛЕУБАЙ,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.

 Астрахан ауданы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар